☀️
3°C
Қонаев
Жұма, Қараша 21, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    Алматы облысында «Заңғар-2025» жастар сыйлығының байқауы басталды

    05.11.2025
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар, Идеология
    Алматы облысында «Заңғар-2025» жастар сыйлығының байқауы басталды
    0
    SHARES
    12
    VIEWS

    Алматы облысында түрлі салада белсенділік танытып, өңірдің дамуына өз үлесін қосып жүрген жастарды қолдау мақсатында дәстүрлі «Заңғар» жастар сыйлығы биыл да өз жалғасын тапты. Бұл туралы Алматы облысы өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында өткен баспасөз мәслихатында Алматы облыстық «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі директорының орынбасары Ғабитов Құдырет мәлімдеді.

    «Заңғар» жастар сыйлығы 2022 жылдан бері тұрақты түрде өткізіліп келеді және өз саласында үздік шыққан жас мамандарды ынталандыруды көздейді.

    – 2022 және 2023 жылдары сыйлық иегерлеріне 300 мың теңгеден берілсе, 2024 жылдан бастап қаржылай сыйақы көлемі 500 мың теңгені құрайды, – деді Құдырет Ғабитов.

    Байқауға Алматы облысының 14 пен 35 жас аралығындағы белсенді, өз саласының көшбасшысы болып табылатын жастары қатыса алады. Негізгі талаптардың бірі – үміткердің облыс аумағында тұрақты тұрып, еңбек етуі. Бір қатысушы тек бір номинация бойынша ғана өтінім бере алады. Сонымен қатар, өткен жылдардағы жеңімпаздар биылғы конкурста қайта бақ сынай алмайды.

    «Заңғар-2025» жастар сыйлығы келесі 10 номинация бойынша өткізіледі:

    1. Үздік жас мемлекеттік қызметші

    2. Үздік жас дәрігер

    3. Үздік жас ұстаз

    4. Үздік жас спортшы

    5. Үздік жас журналист

    6. Үздік жас кәсіпкер

    7. Үздік жас өнерпаз

    8. Үздік жастар ісі жөніндегі әдіскер-нұсқаушы

    9. Үздік жас волонтер

    10. Үздік жас кәсіптік маман

    Өтінімдер 2025 жылғы 10 қараша мен 1 желтоқсан аралығында қабылданады. Құжаттар дүйсенбі – жұма күндері, сағат 17:30-ға дейін, Қонаев қаласы, 2-ықшам аудан, 44-ғимарат, 4-қабатта тапсырылады. Материалдар электронды және баспа түрінде өткізілуі қажет.

    Қазылар алқасы байқауға түскен портфолиоларды арнайы бағалау парағына сәйкес критерийлер арқылы сараптап, ең үздік үміткерлерді анықтайды. Бағалау кезінде еңбек өтілі, түрлі деңгейдегі марапаттары, ұсыныс хаттары, кәсіби жетістіктері мен қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысуы ескеріледі.

    Жеңімпаздар туралы ақпарат құжаттар қабылдау аяқталған соң 10 күн ішінде @almobl_jastary Instagram парақшасында жарияланатын болады.

    Барлық сұрақтар бойынша байланыс нөмірі: +7 (707) 950 35 13

    Ұсынымдар

    Қонаев әкімі қаладағы құрылыс нысандарын аралады

    Қонаев әкімі қаладағы құрылыс нысандарын аралады

    2 years ago
    Қытаймен ынтымақтастықты нығайту: «ЭКСПО Үрімші – 2024» көрмесінде

    Қытаймен ынтымақтастықты нығайту: «ЭКСПО Үрімші – 2024» көрмесінде

    1 year ago
    ЖАНҚИЯРЛЫҚ ЕҢБЕК ЖЕМІСІ

    ЖАНҚИЯРЛЫҚ ЕҢБЕК ЖЕМІСІ

    1 month ago
    Шарындағы түйткілдер қашан шешіледі?

    Шарындағы түйткілдер қашан шешіледі?

    2 years ago
    Ержүрек панфиловшы

    Ұлы Жеңістің мерейлі белесі

    11 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>