⛅
19°C
Қонаев
Жексенбі, Сәуір 26, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    Ауыл медицинасының әлеуеті артып келеді: Кегенде эндопротездеу сәтті жасалды

    13.11.2025
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар, Денсаулық
    Ауыл медицинасының әлеуеті артып келеді: Кегенде эндопротездеу сәтті жасалды
    0
    SHARES
    8
    VIEWS

    Алматы облысының Кеген аудандық ауруханасында білікті мамандар тобы сол жақ жамбас буынына эндопротездеу отасын сәтті жүзеге асырды. Бұл — аудан медицинасы үшін үлкен жетістік әрі жергілікті тұрғындар үшін зор мүмкіндік.

    «Пациенттің жасы — 40-та. Ол нәресте кезінде аяғынан зақым алып, осы күнге дейін оның зардабын тартып келген. Бүгінде емделушінің жағдайы жақсы. Күрделі операциядан соң науқас оңалту шараларынан өтіп, мамандардың бақылауымен аяққа тік тұрып, жүруді қайта қалпына келтірмек. Бізге Алматы облысының бас травматологы Ерсін Жүнісов әдістемелік қолдау көрсеткенін атап өткім келеді» – дейді отаға жетекшілік еткен тәжірибелі травматолог-ортопед Арсен Қанатұлы.

    Ақ халатты абзал жандардың кәсіби шеберлігі мен өзара ынтымағының арқасында ауыл тұрғындарының мұндай күрделі операциялар үшін бұрынғыдай қалаға барудың қажеттілігі жойылды. Енді жоғары деңгейдегі оталар тек Кеген ауданы тұрғындарына ғана емес, көршілес Ұйғыр және Райымбек аудандарының азаматтарына да қолжетімді.

    Айта кетейік, Кеген ауданында жамбас, тізе буындарына (ірі буындарға) эндопротездеу отасы алғаш рет осы қыркүйек айында басталған болатын. Содан бері 5 пациентке күрделі ота жасалды. Дәрігерлердің айтуынша, қазіргі таңда мұндай операцияларға сұраныс жоғары.

    Бұрын мұндай ем-шаралар тек қалада ғана жасалып, ауыл тұрғындары жолдама арқылы басқа аймақтарға баруға мәжбүр болатын. Енді бұл қиындық артта қалды.

    Күрделі операция міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі аясында тегін жасалады, оның жалпы құны шамамен 2 миллион теңге.

    Соңғы жаңалықтар

    Бастаманы ауқымдау және оны практикалық тұрғыдан іске асыру
    25.04.2026
    «Таза Қазақстан» – идеология мен құндылықтың платформасы
    25.04.2026
    ІЛЕДЕ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: БИЗНЕС ӨКІЛДЕРІ СЕНБІЛІККЕ БЕЛСЕНДІ ҚАТЫСТЫ
    25.04.2026
    ІЛЕДЕ СЕНБІЛІК ФОРМАТЫ ӨЗГЕРДІ: ЕНДІ ТАЗАЛЫҚҚА ОТБАСЫ БОЛЫП ҚАТЫСУ ТРЕНДКЕ АЙНАЛДЫ
    25.04.2026
    “Таза Қазақстан” акциясы – елдік бастама
    25.04.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>