☀️
11°C
Қонаев
Дүйсенбі, Қараша 17, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Ауыл шаруашылығы

    Бірлескен жобалар жалғасады

    15.11.2025
    in Ауыл шаруашылығы, Барлық жаңалықтар, Энергетика
    Бірлескен жобалар жалғасады
    0
    SHARES
    2
    VIEWS

         Облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары Айбар Теменовтің төрағалығымен аймақ делегациясы Қытай Халық Республикасының Нинся-Хуэй автономиялық ауданы өкілдерімен кездесті. Онда құрғақшылықтың алдын алуға бағытталған жобалар талқыланып, сондай-ақ экология, ауыл шаруашылығы, жасыл энергетика салаларындағы байланысты нығайту мәселелері сөз болды.

    Айбар Талғатұлы Қазақстан мен Қытай арасындағы байланыстың дамуына «Бір белдеу – бір жол» бастамасы зор үлес қосып жатқанын айтты. Сондай-ақ 33 жыл бойғы дипломатиялық қарым-қатынас нәтижесінде екі ел арасында сенімді әрі тату көршілік байланыс орнағанын атап өтті.
    Қазақстан тарапынан кездесуге кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму, табиғи ресурстар, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жастар саясаты, ауыл шаруашылығы басқармаларының өкілдері қатысты. Қытай делегациясының құрамында ауданның сыртқы істер, орман және дала шаруашылығы басқармасы, шөлейттенуге қарсы халықаралық ынтымақтастық орталығы, экологиялық және көлік корпорацияларының басшылары болды.
    Тараптар құрғақшылық, жердің тозуы мен мұздықтардың еруі сияқты климат қолайсыздығынан болатын қатерлерге қарсы біріге жұмыс істеудің маңызына тоқталды. Осыған орай шөлейттенуге қарсы орталық құру туралы ұсыныс келіссөздердің негізгі тақырыбына айналды. Сондай-ақ сауда-экономикалық қатынасты дамыту жайы да талқыланды. Соңғы екі жылда Алматы облысы мен Қытай арасындағы тауар айналымы 1 миллиард АҚШ долларынан асқан. Өңірде Қытай инвесторларының қатысуымен 150-ге жуық кәсіпорын табысты жұмыс істеуде.
    Нинся-Хуэй автономиялық ауданы Қытайдағы экологиялық тұрғыдан ең таза өңірлердің бірі және жасыл энергетиканы белсенді енгізіп келеді.
    – Нинсяның құрғақ жерлерді қалпына келтірудегі тәжірибесі мен Қазақстанның егіншілік саласындағы жетістіктері бірлескен жобаларды жүзеге асыруға берік негіз қалайды. Қоршаған ортаны қорғау – екі ел үшін де маңызды міндеттің бірі. Осы мақсат бізді біріктіреді, – деді «Нинмяо» Нинся экологиялық құрылыс корпорациясы директорлар кеңесінің төрағасы Юй Гэньминь.
    Кездесу барысында тараптар Алматы облысы мен Нинся-Хуэй автономиялық ауданы арасында орнаған достық қатынастар туралы келісім мен өткен жылы Инчуань қаласында қол қойылған достық жөніндегі меморандум аясындағы өзара келісімдерді орындауға ниетті екендерін айтты. Бұл құжаттар өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы және білім беру салаларындағы бірлескен бастамаларды дамытуға берік негіз болды.
    Жиын барысында жастар мәселе­сіне де ерекше көңіл бөлінді. Аймақ­аралық келісім студент алмасу және «Нинся» халықаралық достық лагеріне қатысу бағдарламасын жүзеге асырып, мәдени және білім беру саласын нығайтуға, жастардың көшбасшылық дағдыларын дамытуға оң әсерін тигізген. Делегация өкіл­дері білім беру, медицина және энергетика салаларындағы ынтымақтас­тықты жал­ғастыруға, сондай-ақ Қытай компанияларының Алматы облы­сын­дағы индустриялық және логистикалық аймақтарда жұмыс істеу мүмкіндігін қарастыруға уағдаласты.
    Шара соңында Айбар Теменов: «Қытай халқында «Адамдар бірігіп әрекет етсе, тауды да орнынан қозғалта алады» деген даналық сөз бар. Бүгінгі келіссөз бірлескен жаңа жобалардың іске асуына жол ашады деп сенеміз», – деп кездесуді қорытындылады.

    Гүлзат БАЙҚОНЫСОВА

    Ұсынымдар

    Жас балуандар республикада топ жарды

    Жас балуандар республикада топ жарды

    12 months ago
    Президент баспасөз қызметкерлерін Ұлттық басылым күнімен құттықтады

    Президент баспасөз қызметкерлерін Ұлттық басылым күнімен құттықтады

    2 years ago
    «Таза бейсенбіге» белсене қатысты

    Тазалық пен тәртіп өркениетке бастайды

    7 months ago
    Заманауи көліктер табысталды

    Заманауи көліктер табысталды

    1 year ago
    Заречный амбулаториясы – ауыл мақтанышы

    Заречный амбулаториясы – ауыл мақтанышы

    7 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>