Перейти к содержимому
Главная страница » Қонаевта ЖРВИ жұқтырғандар саны артты: дәрігерлер тұрғындарды тұмауға қарсы екпе алуға шақырады

Қонаевта ЖРВИ жұқтырғандар саны артты: дәрігерлер тұрғындарды тұмауға қарсы екпе алуға шақырады

Қонаев қаласында ЖРВИ мен тұмау жұқтырғандардың саны артты. Қалалық көпсалалы аурухананың эпидемиолог-дәрігері Ерлан Саржановтың айтуынша, эпидмаусым басталғалы 1700-ге жуық ЖРВИ жағдайы тіркелген, оның 30%-ын түрлі жас санатындағы балалар құрайды.

Қысқа уақыт ішінде 80-нен астам пациент стационарлық ем қабылдауда. Олардың қатарында жүкті әйелдер, бір жасқа толмаған нәрестелер және егде жастағы азаматтар бар. Емханаға жатудағы негізгі себептер – бронхит пен пневмониямен асқынған ЖРВИ.

Эпидмаусым аясында қалада тұмауға қарсы вакцинация жалғасуда. Бүгінде жоспарланған контингенттің 80%-ы екпе алған.

Вакцина Қонаев қалалық көпсалалы ауруханасының Үздік тәжірибелер орталығында қолжетімді. Дәрігерлер дер кезінде жасалған екпе ауыр жағдайлардың алдын алып, асқынулардан қорғайтынын еске салады.

Инфекциядан сақтану үшін дәрігерлер төмендегілерді ұсынады:

* иммунитетті күшейту, С дәруменін қабылдау;

* оксолин майын пайдалану;

* адамдар көп жиналатын жерлерден аулақ болу;

* үй-жайды жиі желдетіп, ылғалды тазалау жүргізу;

* ауру белгілері пайда болғанда үйде қалып, өзін-өзі емдеумен айналыспау;

* сырқаттанған балаларды мектепке және балабақшаға жібермеу.

Қалалық көпсалалы аурухана күшейтілген режимде жұмыс істеп, дәрілік препараттар мен жеке қорғаныс құралдарының қажетті қорын қамтамасыз етуде.

Дәрігерлердің айтуынша, вакцинация – тұмаудың алдын алудың ең тиімді тәсілі.