⚠️ Ауа райы табылмады.
Сенбі, Қаңтар 17, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Отан – отбасынан!

    29.11.2025
    in Барлық жаңалықтар
    Отан – отбасынан!
    0
    SHARES
    4
    VIEWS

         Қарасай ауданындағы Іргелі ауылдық округіне қарасты ардагерлер мен «Асыл ана» ұйымдары жан-жақты әзірлікпен «Отбасы құндылығы – ұлт тірегі» тақырыбында кең көлемді іс-шара өткізіп, халықтың ризашылығына бөленді. Басқосу жиынына Қарасай ауданының ардагерлері, мектеп ұстаздары мен оқушылар, ауыл тұрғындары қатысты.

    Шарада тақырып аясында сахнаның көркемдікпен безендірілуі көрген адамды бірден баурап алды. Отбасы құндылығын алтын қазық етіп ұстанған, көргендері мен көңілдеріне түйгендері көп баяндамашылар да тағылымға толы әңгіме өрбітіп, ұсыныс-пікірлерін ортаға салды. Қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға да қонымды жауаптарын берді. Адам қарасы көп жиналған жиынды кіріспе сөзбен ашып берген Іргелі ауылдық ардагерлер ұйымының төрағасы Егінбек Егеубеков бұл шараға көп уақыт бұрын қызу дайындық жасағанын айта келіп, шараның басынан аяғына дейін аянбай атсалысқан адамдарды да құрметпен атап өтті.
    Басқосудың беташарында ауыл ардагері Тәжімұрат Салыбайұлы «ХХІ ғасыр және отбасы құндыщлықтары», ардақты ана Райса Сығаева «Толық отбасы және оның ерекшеліктері», Дәнегүл Мұсаева «Отбасындағы қарама-қайшылық және оны шешу жолдары», ауыл имамы Ерсін Қалдыбай «Дін және отбасы», Ақторқа Тотымбаева «Отбасы мәдениеті», Ауған Қыпшақбаев «Отбасы құндылықтары жайлы ой-пікірлер» деген тақырыптарда тұжырымды баяндама жасап, жиналған жұртшылыққа мол мәлімет ұсынды. Сондай-ақ, Кемертоған орта мектебінің ұжымы сахна төрінде отбасылық кикілжіңді бейнелеген көрініс қойып, көпшілікке ерекше әсер сыйлады. Өмір шындығы бейнеленген көріністен кейін жиындағы барлық баяндама жайында ойын ортаға салған Қалиахмет Көшкімбаев басқосуды қорытындылады.
    Тағылымды шараға Талғар ауданынан арнайы келген ақсақал, ардагерлер ұйымы төрағасының орынбасары, талай бата беру байқауларының жеңімпазы Ауған Қыпшақбаев бұл жолы да көпшілікке ағынан ақтарылып, ақ батасын берді. Одан кейін қалың қауым ауылдың «Дархан-Дәрия» аталар мен әжелер ансамблінің концертін тамашалады.

    Қанат ТӘКЕБАЕВ
    Қарасай ауданы

    Ұсынымдар

    Мемлекеттік тілдің қолданыс аясы кеңейтілмек

    Мемлекеттік тілдің қолданыс аясы кеңейтілмек

    2 years ago
    Сала жұмысында сылбырлық бар

    Сала жұмысында сылбырлық бар

    2 years ago
    Ақыл-ойдың ойыны

    Ақыл-ойдың ойыны

    2 years ago
    Ауылдар сапалы интернетпен қамтылды

    Ауылдар сапалы интернетпен қамтылды

    2 months ago
    Сапалы ауыз су – зор денсаулық кепілі

    Сапалы ауыз су – зор денсаулық кепілі

    1 week ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>