☀️
6°C
Қонаев
Бейсенбі, Қараша 20, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Жер дауы қашан бітеді?

    20.11.2025
    in Барлық жаңалықтар, Мәселе
    Жер дауы қашан бітеді?
    0
    SHARES
    4
    VIEWS

        2006 жылы Қараой ауылдық округінен көпбалалы аналар жер учаскесін сатып алады. Кейін олар алаяқтарға алданғанын біледі. Көпбалалы аналар бұл жерді жеңілдетілген бағамен алған. Бірақ заңды түрде рәсімдей алмаған. Сол себепті сотқа жүгінуге мәжбүр болған. Бұл жерге иелік еткен М. Бұтабаева, Ж. Балқыбекова, Г. Мамытова алаяқтықпен айналысқаны үшін 7 жылдан бас бостандықтарынан айырылып, абақтыға отырып, жазасын өтеп келген. Бірақ тұрғындарға ақша сол күйі қайтарылмаған.

    Мәселе шешімін таппағандықтан тұрғындар облыс әкімдігіне арыз-шағым түсірген. Осыған орай облыс әкімінің орынбасары Әсет Масабаев Қараой ауылдық округіне арнайы келді. Жиынға облыстық және аудандық прокуратура, жауапты сот орындаушылар, облыстық жер қатынастары басқармасы мен аудандық жер қатынастары бөлімінің қызметкерлері мен округ әкімдігі мамандары қатысты.
    Зардап шеккендердің ай­туын­ша, жерді сату бастама­сын көтерген бұрынғы қоғам жетекшісі М.Бұтабаева оларды жер учаскелерімен таныстырып, құрылыс жоспарын көрсеткен. Бірақ кейінірек жердің ауылшаруашылық мақсатында бөлінгені анықталған. Бұдан әбігерге түскен тұрғындар салған ақшасын қайтаруды сот арқылы талап еткен. Сот жерді аукционға шығарып, тұрғындарға ақшаларын қайтару туралы шешім шығарған. Бірақ көпбалалы аналар бұл шешіммен келіспей, өздеріне берілген жер телімін қайта талап етіп отыр. «Бізге ақша қайтарылады деп уәде берді. Бірақ қазір ол 250 мың теңгенің еш құны жоқ. Біз келіспейміз. Жерімізді бермейміз, осы үшін біз 18 жыл бойы күресіп жатырмыз», – дейді тұрғын Алмагүл Мұхаманова.
    Облыс әкімдігі жағдайды реттеу үшін комиссия құрмақ. Себебі жер 2001 жылы жекеменшікке уақытша берілу мақсатында бөлінген. Қазіргі таңда ол жер Бас жоспарға да енбеген. Алайда жергілікті билік өкілдері комиссия құрып, мәселені реттеу үшін жұмыс істейтіндерін мәлімдеді. «Біз құжаттарды рәсімдеп, облыста қарайтын боламыз. Жәбірленушілермен апта сайын кездесіп, ақпарат бере отырып, дауды өршітпей шешуге тырысамыз. 2013 жылы шыққан сот үкімі бойынша алаяқтықпен айналысқан азаматтар өз жазасын өтеп келді. Облыс тарапынан комиссия құрылады. Түсіндіру жұмысы жалғасады. Зардап шеккен 322 адам тізімде бар, осы тұрғындарға барынша көмек көрсетіледі», – деді халыққа басу айтуға әрі мәселенің мән-жайын білу үшін келген облыс әкімінің орынбасары Әсет Масабаев.
    Облыс әкімдігі бұл мәселені шешуге бел шеше кіріспек. Көпбалалы аналар да соңына дейін күресуге дайын. Олар өздеріне тиесілі жер телімін алуды талап етуде. Жапа шеккендер сот шешіміне қарсы аппеляция беріп, өз құқықтарын қорғауға барынша күш салмақ.

    Бағдат ШОЙБАС

    Іле ауданы

    Ұсынымдар

    Ізгілік іздері

    Ізгілік іздері

    9 months ago
    29 тамыз – Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы тұру күні

    29 тамыз – Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы тұру күні

    2 years ago
    ҰОС ардагерлері дәрігерлер қамқорлығында

    ҰОС ардагерлері дәрігерлер қамқорлығында

    7 months ago
    Қонаевта қар тазалайтын техника саны артты

    Қонаевта қар тазалайтын техника саны артты

    2 years ago
    Дәстүрлі басылым  ұлттық мүддеге қызмет етеді

    Дәстүрлі басылым ұлттық мүддеге қызмет етеді

    9 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>