⛅
4°C
Қонаев
Сейсенбі, Желтоқсан 30, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    «Алатау әуендері» – Еуропа төрінде!

    27.12.2025
    in Барлық жаңалықтар, Мәдениет
    «Алатау әуендері» – Еуропа төрінде!
    0
    SHARES
    1
    VIEWS

    «Алатау әуендері» шығармашылық ұжымы Қазақстанның Бельгиядағы Елшілігінің ұйымдастыруымен және облыс әкімдігінің қолдауымен Брюссель төрінде концерт өткізді.

    Бұл мәдени шара Қазақстан Рес­публикасы мен Еуропалық одақ арасындағы стратегиялық әріптестіктің 10 жылдығына, сондай-ақ қазақтың дара тұлғасы, ұлы композитор Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдық мерейтойына арналды.
    «Алатау әуендерінің» қалып­тасуына негіз болған «Құлансаз» фольклорлы-этнографиялық ансамблі 1979 жылы Қазақстанның Халық әртісі, көрнекті композитор Әсет Бейсеуовтің бас­тамасымен құрылған. 2011 жылы Алматы облысы әкімінің қолдауымен аталған ұжым «Алатау әуендері» мемлекеттік коммуналдық-қазыналық кәсіпорны болып қайта жаңғырды. Бүгінде оның құра­мында «Құлансаз» фольклорлы-этнографиялық ансамблі, «Құлансаз» би ансамблі, сондай-ақ әртүрлі бағыттағы әншілер де бар. Олар тек орындаушылықпен шектелмей, музыкалық студия жұмысы арқылы шығармашылық жобаларды жүзеге асырып, жаңа туындыларды жарыққа шығаруда. Сонымен қатар дәстүрлі, классикалық және эстрадалық музы­каны тоғыстырып, полистилизм бағытында ізденісін арттырып келеді.
    Талантты жандардан топтас­ты­рылған шығармашылық орта респуб­ликаның түкпір-түкпірінде, сонымен қатар Қытай, Моңғолия, Ресей, Польша, Германия, АҚШ, Әзербайжан, Тәжікстан, Үндістан, Франция, Иордания, Қырғызстан сияқты алыс-жақын шет мемлекеттерде өнерсүйер қауымды қазақ мәде­ниетінің тұнығына қанық­тырып, ел мерейін үстем етуде. Бельгия сапарында да шебер­ліктерін паш етті.
    – Қай елге бар­сақ та, ыстық ықы­­лас­­пен қарсы алып, ерекше сезімге бөлейді, шабыт­тандырады. Бұл ұлттық болмыстың әлемдік деңгейде танылып келе жатқанын көрсетеді. Бельгия елінде де көрермен қошеметінен соны аңғардық. «Алатау әуендері» ансамблінде еңбек етіп келе жатқаныма 13 жылдан асты. Ұжымда консерваторияны бітірген, өз ісінің нағыз мамандары жұмыс істейді. Мұндай орта рухани өзегіңді берік етеді, үнемі ізденіске жетелеп, өнерге деген жауапкершілігіңді арттырады. Бір-бірімізден үйреніп, тәжірибе алмасу арқылы кәсіби деңгейімізді жетілдіріп отырамыз. Біздің ансамбльдің басты ерекшелігі – әрбір аспапты жеке солист ретінде қарастыруы. Бұл орын­даушылардың мүмкіндігін толық ашып, сахнада өзін еркін әрі сенімді сезінуіне жол ашады, шығармашыл адамға еркіндік сыйлайды, – дейді «Құлансаз» фольклорлы-этнография­лық ансамблінің аспапшы әртісі Айдын Баекенова.
    Концертке жиналған қауым дәс­түрлі өнердің жауһарына құлақ түріп, күйдің рухты үнінен нәр алды. Мың бұрала билеген бишілердің келісті қимылы, әлемдік деңгейдегі музыканың ұлттық аспаптарда шебер орындалуы көрерменнің көңіл пернесін шертті. Бельгиядағы қазақтар төл композиторлардың әндерін қосыла шырқап, туған елге деген сағынышын басты. Еуропалықтар да әуен әуезіне тербеліп, дәстүрлі өнердің бояуын жүрек төріне құйды. Құрмет көрсеткен қауымға ұлттық кәдесый табысталып, қазақтың дархан мінезін әлем жұртшылығына танытты.

    Гүлзат БАЙҚОНЫСОВА

    Ұсынымдар

    Спортшылар сыйға бөленді

    Спортшылар сыйға бөленді

    1 year ago
    Еркін және әйелдер күресінен облыс чемпионаты басталды

    Еркін және әйелдер күресінен облыс чемпионаты басталды

    1 year ago
    Мемлекеттің, инвесторлардың және қоғамның мүдделерін қалай теңестіруге болады?

    Мемлекеттің, инвесторлардың және қоғамның мүдделерін қалай теңестіруге болады?

    7 months ago
    Салт-дәстүр дәріптелді

    Салт-дәстүр дәріптелді

    6 months ago
    Берік шекара – бейбіт өмір кепілі

    Берік шекара – бейбіт өмір кепілі

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>