Алматы облысында ЖРВИ/тұмау бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты болып саналады.
Ағымдағы аптада ЖРВИ-ның 20 мыңнан астам жағдайы тіркелді, өткен аптамен салыстырғанда сырқаттанушылықтың 12% өсуі байқалады.
Ағымдағы жылдың өткен мерзімінде жоғарғы тыныс жолдарының респираторлық вирусты инфекциясының белгілері бар 78 мыңнан астам медициналық көмекке жүгінді, науқастардың бірқатар үлесін: 49% -н 14 жасқа дейінгі балалар құрады. Алдыңғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда, сырқаттанушылықтың 38%-ға төмендеуі орын алды.
Күнделікті халықтың жас топтары бөлінісінде ЖРВИ сырқаттанушылығына мониторинг жүргізіледі, оның ішінде 1 жасқа дейінгі балаларға ерекше назар аударылады, олар сырқаттанушылықтың 3,2% үлесін құрайды – 2 мыңнан астам бала сырқаттанды. Алдыңғы маусымның сәйкес кезеңімен салыстырғанда, балалар арасында сырқаттанушылықтың 5,1 есеге төмендеуі байқалады.
Сырқаттанушылықтың 4,1% оқушыларға келеді, жұқпамен сырқаттанған 3204 оқушы есепке алынды. ЖРВИ сырқаттанушылығы 239 мектепте тіркелді, мектептердің зақымдануы 48,6% құрады: Еңбекшіқазақ (53,8%), Балқаш (59%), Талғар (70%), Ұйғыр (90%) аудандарында және Қонаев қаласында (76,5%) зақымдану көрсеткіші облыстық көрсеткіштен жоғары қалыптасты.
Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің Қаулысына сәйкес, бір сыныпта оқушылардың сырқаттану үлесі 30% және одан артық жағдайға жоғарлағанда, оқушыларды онлайн оқытуға ауыстыру қарастырылған. Бұл ретте, қашықтықтан оқыту Қонаев қаласындағы 2 мектепте ұйымдастырылып, 110 оқушы онлайн оқыту форматында ауыстырылды.
Тұмау вирустарының айналымын анықтау мақсатында 400-ден астам үлгі зерттеліп, 100-ден астам үлгіде тұмаудың А/H3N2 типі анықталды. Айта кету керек, ағымды жылы тұмау айналымы өткен маусымға қарағанда 4 апта бұрын анықталды. Зерттеулер көрсеткендей, тұмаудың бұл типі бұрын белгілі болған штамдарына қарағанда әлдеқайда оңай таралады және клиникалық сипаты агрессивті түрде өтеді, бұл вирустың біршама генетикалық өзгерістерге ұшырауымен түсіндіріледі.
Тұмау асқынулармен қауіпті. Асқынулардың ең жоғары қаупі 2 жасқа дейінгі балалар, 65 жастан асқан ересектерде, сондай-ақ созылмалы жүрек, өкпе, бүйрек, бауыр, қан немесе метаболикалық бұзылулар (қант диабеті және т.б.) сияқты әртүрлі аурулары бар кез келген жастағы адамдар арасында байқалады.
Осыған байланысты, вакцина құрамындағы вирус түрлері қазіргі айналымдағы вирустарға мүлдем сәйкес келмесе де аурудың ауыр ағымын айтарлықтай жеңілдетеді, сондықтан да вакцинация қорғаудың ең жақсы түрі болып есептелінеді.
Бүгінгі таңда тұмауға қарсы вакцинация аяқталып, халықтың 10% -ы немесе 162 мыңнан астам екпемен қамтылды. Оның ішінде диспансерлік есепте тұрған адамдардың 72% – ы, 2-3 триместрдегі жүкті әйелдердің 98% – ы, медициналық қызметкерлердің 88% – ы, қарттар үйлері контингенті және жабық мекемелердегі балалардың 100% – ы вакцинациямен қамтылды.
Сондай-ақ, ЖРВИ, тұмаумен сырқаттанушылықтың жоғарылау кезеңінде мынадай алдын алу шараларын сақтау ұсынылады:
– жаппай іс-шараларға баруды қысқарту, ылғалды тазалау жүргізумен үй-жайларды желдету, ЖРВИ-мен ауыратын науқастармен байланыста болудан аулақ болу, байланыста болған жағдайда – масканы пайдалану, жеке гигиена ережелерін сақтау;
– сырқаттану белгілері пайда болған жағдайда үйде қалу, өзін-өзі емдеуден аулақ болу, медицина қызметкерін шақырту, тыныс алу гигиенасы ережелерін сақтау;
– науқас балаларды мектептерге, мектепке дейінгі балалар ұйымдарына, мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізілетін орындарға жібермеу.
Марат Исмаилов,
Алматы облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері




