⚠️ Ауа райы табылмады.
Сенбі, Қаңтар 17, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Денсаулық сақшысы

    27.12.2025
    in Барлық жаңалықтар, Денсаулық
    Денсаулық сақшысы
    0
    SHARES
    1
    VIEWS

         Кәсіби білімін жетік меңгеріп, таңдаған мамандығына адалдық танытып, сол салада табанды еңбек етіп жүрген жандар аз емес. Солардың бірі – Балқаш аудандық обаға қарсы күрес бөлімінің жоғары санатты лаборанты, көп жылғы тәжірибесі бар мейірбике Ақмарал Хәкімова. Ол халық денсаулығын қорғау жолында күн-түн демей тынымсыз еңбек етіп жүр.

    Ақмарал Қаныбекқызы 1977 жылы Бақбақты ауылында дүниеге келген. 1984 жылы №1 Жамбыл атындағы орта мектептің табалдырығын аттап, 1994 жылы аталмыш білім ордасын ойдағыдай тәмамдайды. Мектеп қабырғасында жүріп-ақ медицина саласына қызығушылығы артқан жас түлек сол жылы Алматы қаласындағы медицина колледжіне оқуға түсіп, 1996 жылы медбике мамандығын алып шығады.
    Еңбек жолын Балқаш аудандық санитариялық-эпидемиологиялық стансасында лаборант қызметінен бастайды. Ал 1998 жылдан бері аудандық обаға қарсы күрес бөліміне ауысып, күні бүгінге дейін осында табан аудармай еңбек етіп келеді. Бұл – үлкен төзімділік пен батылдықты, жоғары кәсіби дайындықты талап ететін сала.
    Ақмарал Қаныбекқызы биоло­гиялық зерттеулерге қатысып, залал­сыздандыру шараларын атқарады, эпидемиологиялық бақылау жүргізуге белсене араласады. Сонымен қатар дәрігерлерге көмек көрсетіп, қауіпті індет ошақтарын дер кезінде анықтауға үлес қосуда.
    Мейірбикенің күнделікті еңбегі – көзге көрінбейтін, бірақ аса маңызды қызмет. Жұмыс барысында санитарлық талаптарды қатаң сақтап, арнайы қор­ғаныш киімдері мен құралдарын қолдану – оның басты қағидаларының бірі. Қауіп-қатерге толы сәттерде де сабыр сақтап, кәсіби біліктілігін жоғалтпай, өз міндетін адал атқарып жүр.
    Ұзақ жылғы адал еңбегі мен кәсіби шеберлігі еленбей қалған жоқ. 2025 жылы Ақмарал Қаныбекқызы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті­нің Құрмет грамотасымен марапат­талды. Сонымен қатар «SENIN» денсаулық сақтау жүйесі жұмыс­кер­лерінің кәсіптік одағының Алғыс хатына ие болды. Бұл марапаттар – оның маңдай термен келген еңбегінің айқын дәлелі.
    Осындай жүрегі мейірімге толы, кәсібіне адал жандарды «көрін­бей­тін қаһармандар» деп атау орын­ды. Себебі олардың тынымсыз еңбе­гінің арқасында халықтың ден­саулығы қорғалып, ел тыныш­тығы сақталуда.

    Бақтығали ДӘУІТБАЙ
    Балқаш ауданы

    Ұсынымдар

    Президенттік көпсайыстан бақ сынады

    Президенттік көпсайыстан бақ сынады

    1 year ago
    Үздіктер іріктелді

    Үздіктер іріктелді

    2 months ago
    Ресми ақпарат адастырмайды

    Ресми ақпарат адастырмайды

    2 years ago
    Қазақстан, Clearbrook және AG-Tech энергия сақтау жүйелерін өндіретін зауыт салады

    Қазақстан, Clearbrook және AG-Tech энергия сақтау жүйелерін өндіретін зауыт салады

    2 months ago
    Тарих сақшылары

    Тарих сақшылары

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>