[um_weather city="Қонаев"]
Сейсенбі, Қаңтар 6, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Мәдениет үйі ашылды

    25.12.2025
    in Барлық жаңалықтар, Инфрақұрылым, Мәдениет
    Мәдениет үйі ашылды
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

        Кеген ауданы Жылысай ауылында талай жылдан бергі тұрғындардың тілегі қабыл болып, Мәдениет үйі пайдалануға берілді. Қулық тауының етегінде орналасқан елдімекенде түрлі мәдени іс-шаралар бұған дейін мектептің шағын залында өтетін. Енді кең сахнада өнер көрсетуге мүмкіндік туды.

    Екі қабатты ғимаратты жаңғырту жұмысын мердігер «Бауыр құрылыс компаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі атқарды. Шараға арнайы қатысқан облыстық мәслихат төрағасы Қуат Байғожаев:
    – Өткен күнмен салыстырып қарасақ, Жылысай ауылында су құбыры да тартылды, жол да жасалды. Міне, бүгін заманауи үлгідегі мәдениет ошағы ашылды. Халық денсаулығына үлкен мән беріліп, ауылдық емхана салынып жатыр. Осының бәрі Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлының тапсырмасы аясында атқарылып жатқан игі істер, – дей келе, өңірдегі қоғамдық бастамаларға үн қосып, ауданның әлеуметтік-­экономикалық дамуына атсалысып жүрген Жылысай ауылдық ақсақалдар алқасының төрағасы Болат Таубалдиевті «Қазақстан мәслихаттарына – 30 жыл» мерекелік медалімен марапаттаса, театр мен кино өнерінде биік белестерді бағындырып, қазақ сахнасының көкжиегін кеңейткені үшін актер Омар Қиқымовқа облыстық мәслихаттың Құрмет грамотасын табыстады.
    Мәдениет үйінің ашылу салтанатында сөз алған Кеген ауданының әкімі Нұрбақыт Теңізбаев:
    – Бұл нысан ауыл өмірінің рухани орталығы, өнер мен мәдениеттің ордасы, ұрпақ тәрбиесінің алтын ұясы болмақ, – деді.
    Қоғам қайраткері Бексырға Данышпанов жиналған жұртшылықты қуанышымен құттықтап, «Өмірден түйгендерім» атты кітабын ауылдық кітапханаларға сыйға тартты.
    «Бауыр құрылыс компаниясы» ЖШС өкілі Ғалымжан Мұхтарұлы жаңа ғимараттың символикалық кілтін Жылысай ауылдық Мәдениет үйінің директоры Қайрат Нарынбаевқа табыстады. Сондай­-ақ салтанатты шарада сөз алған өнер зерттеушісі, журналист Сағатбек Медеубекұлы, актер Омар Қиқымов, ардагер-журналист Марат Тақабаев, сазгер Жақсылық Әбдіраманов, айтыскер ақын Нәсілхан Тоқтасынова ізгі тілектерін жеткізсе, ауыл тұрғыны Болат ақсақал ақ батасын берді.
    Мәдениет үйінің лентасы қиылып, ақ жаулықты аналар шашу шашты. Бұдан соң жиналған көпшілік өнер ошағын аралап көрді. Екі қабатты зәулім ғимарат спортзалмен біріктіріле салынған. Мұнда домбыра мен қолөнер, шахмат пен дойбы үйірмелері, кітапхана, 140 орынды көрермен залы бар. Мәдениет үйінде 8 қызметкер еңбек етеді.
    Салтанатты шараға келген жұртшылық ауыл өнерпаздарының кең сахна төрінде ұсынған концерттік бағдарламасын тамашалап, көтеріңкі көңіл-күйде тарқасты.

    Дәурен ӘБУТӘЛІПОВ

    Кеген ауданы

    Ұсынымдар

    Қос алыптың мұрасы

    Қос алыптың мұрасы

    10 months ago
    Алматы облысында бюрократиядан арылту бойынша фокус топтарының жиналысы өтті

    Алматы облысында бюрократиядан арылту бойынша фокус топтарының жиналысы өтті

    3 years ago
    Пациент құқығы. Азаматтар нені білуі тиіс?

    Пациент құқығы. Азаматтар нені білуі тиіс?

    3 months ago
    Жауапты кезең

    Жауапты кезең

    2 years ago
    Ізгілік бастауы

    Бақыт белесі

    7 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>