-13 °c
Qonaev
Thursday, June 12, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Әдебиет

    Бақыт белесі

    09.06.2025
    in Әдебиет, Барлық жаңалықтар, Мерейтой
    Ізгілік бастауы
    0
    SHARES
    59
    VIEWS

    Аспантау өңірінен түлеп ұшқан арқалы ақын, белгілі радиожурналист, ҚР Мәдениет саласының үздігі, Ә.Байжанбаев және Б.Құсанбек атындағы сыйлықтардың лауреаты Бақыт Жағыпарұлының 50 жасқа толған мерейтойы Алматыдағы Ұлттық кітапхананың үлкен залында салтанатпен аталып өтті. «Бақыт белесі» атты әдеби кешке белгілі қаламгерлер, өнер және мәдениет қайраткерлері, оқырман қауым қатысты.

    Балалық шақтың балдәуренін бірге өткізген, арман биігіне қатарласа қанат қаққан «Жетісу» газетінің бас редакторы Жұматай Оспанұлы шараның модераторы болып, жүргізушілік тізгінді ұстады. Кеш шымылдығы «Сазген» ансамблінің орындауындағы күй сазымен ашылды. Қалықтаған қазақтың әдемі үні мерейтойдың шашуындай көпшілікті баурады. Т. Жүргенов атындағы өнер академиясының студенттері Бақыт өлеңдерін нақышына келтіре орындады. Сан алуан тақырыпты сөзбен сомдаған әсерлі жырлар көңілдерді тербеді.

    Мінберге алғашқы болып көтерілген  ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, ақын Жанарбек Әшімжан  Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановтың қаламгерге арнаған Құттықтауын оқыды. Онда Бақыт Жағыпарұлының шығармашылық еңбегіне, журналистік қызметіне лайықты бағасын берген. Қазақ радиосындағы қызметіне тоқталған. Айтыс өнерін жаңаша дамытуға үлес қосқанын да ерекшелеп көрсетеді. Тәуелсіздік иедеологиясын қалыптастыру жолындағы іс-әрекетіне ризашылығын білдіреді. Жанарбек Әшімжан сондай-ақ осы тектес мазмұнда жолданған ҚР Президентінің көмекшісі Арман Қырықбаевтың және Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбайдың құттықтау хаттарын кеш иесіне табыс етті. Өз пікірін де ортаға салды.

    – Бақыт тоқсаныншы жылдардағы қоғамдар ауысқан өтпелі кезеңнің сынағынан сүрінбей өтті. Өлеңге деген құштарлығы мен құрметін дәлелдей алды. Алға қойған мақсатынан айнымай, әлеуметтік қиындықтарға мойымай қаламын қолынан тастамады. Асқақ үміттерін ештеңеге айырбастамады. Оның жеңісі мен жемісіне, нәтижесіне енді, міне, өздеріңіз куә болып отырсыздар, – деді Жанарбек Әшімжан.

    Әдеби кеште облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама  басқармасының басшысы Данияр Әлиев сөз сөйлеп, облыс әкімі Марат Сұлтанғазиевтің құттықтауын оқыды. Айтыскер ақын, Оралдан арнайы келіп дос қуанышына ортақтасқан Бауыржан Қалиолла кеше мен бүгінді бұзбай ұштастырған «алтынкөпірліктердің» бірі Бақыт Жағыпарұлы екенін мақтанышпен атады. Осы тектес жүрекжарды лебіздер аз болған жоқ. Бәрі ақынға әр қырынан баға беріп, бірін-бірі толықтырып жатты.

    Мерейтойлық шараның ең басты ерекшелігі деп ақынның «Жанымның жазы» атты жаңа жинағының жарық көруін атар едік. Оған кейінгі уақытта жазылған өлеңдері кірген. Қаламгерлік көзқарастың кемелдене бастаған шағында туған шығармалардың жөні бөлек болатынын оқырмандар айтқызбай-ақ сезіп отырды. ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, көрнекті ақын Нұрлан Оразалин, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасы төрағасының орынбасары Қасымхан Бегмановтар жыр кітабының тұсауын кесті.

    Мерейтойлық шара ақын сөзіне жазылған әдемі әндермен қорытындыланды.

    Болат МӘЖИТ

    Ұсынымдар

    АЛМАТЫ ЖӘНЕ ҚОНАЕВ

    АЛМАТЫ ЖӘНЕ ҚОНАЕВ

    9 months ago
    Қазақстан жаһандық ынтымақтастықты нығайтуда: 2024 жылғы сыртқы саясаттың негізгі жетістіктері

    Қазақстан жаһандық ынтымақтастықты нығайтуда: 2024 жылғы сыртқы саясаттың негізгі жетістіктері

    4 months ago
    Қоғамдық тыңдау өтеді

    Қоғамдық тыңдау өтеді

    1 year ago
    Кәсіптік білімнің келешегі қандай?

    Кәсіптік білімнің келешегі қандай?

    5 months ago
    Шаруаларға дизель отынын жеткізу жөнінде өтініш қабылданып жатыр

    Шаруаларға дизель отынын жеткізу жөнінде өтініш қабылданып жатыр

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>