⛅
23°C
Қонаев
Дүйсенбі, Сәуір 27, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    Жастар үлес қосты

    23.12.2025
    in Барлық жаңалықтар, Қоғам
    Жастар үлес қосты
    0
    SHARES
    1
    VIEWS

         Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асып жатқан «Таза Қазақстан» ауқымды республикалық экологиялық акциясы қыстың қыраулы күндерінде де жалғасуда. «AMANAT» партиясы Талғар аудандық филиалының өкілдері жуырда «Саябақтарымызды тазартайық!» атты шағын сенбілік ұйымдастырды. Акцияның дәстүрге айналған «Таза бейсенбіде» өтуі маңызды нышандық мәнге ие.

    Акцияға қатысушылар қаланың ғана емес, бүкіл ауданның игілігі саналатын Жеңіс саябағына жиналды. Шараға партиялықтар ғана емес, Талғар агробизнес және менеджмент колледжінің студенттері де жұмылдырылды. Экологиялық іс-шараға қатысушылар екі күн жауған қалың қарды күреді. Ерекше ынта, жайдары көңіл-күймен жұмыс істеген олар әп-сәтте ескерткіштерге, монументтерге апаратын жолдарды, дүкендерге және саябаққа кіреберістегі іргелес аумақтарды тазартты.
    Дәстүр бойынша экологиялық шараға жиналған жігерлі жастар мен коммуналдық қызмет жұмысшыларын, партия өкілдерін «AMANAT» партиясы аудандық филиалы төрағасының орынбасары Серік Дүмшібаев құттықтап, акцияны бейсенбі күндері өткізудің маңыздылығын атап өтті.
    – Біз үшін акцияны сенбі күндері ғана емес, бейсенбі күндері де өткізу жақсы дәстүрге айналды. Президенттің бастамасына сүйене отырып, біз жастарды белсенді түрде қатыстыра алдық. Жыл мезгіліне қарамастан, акция қыста да жалғасын табады, өйткені ол тек қоқыстан ғана емес, қардан да тазарту шараларын көздейді. Акцияның мақсаты – экологиялық мәдениетті арттыру, табиғатқа ұқыпты қарауды қалыптастыру, сондай-ақ жастарды еңбексүйгіштікке баулу, – деді Серік Кеңесұлы.
    Акцияға қатысушылар басқа саябақтарды, скверлерді, көпшілік ортақ пайдаланатын орындарды тазартуды көздеп, осындай іс-шараларды әр бейсенбі сайын өткізуді жоспарлады. Бұл акция – тазалықты сақтау ғана емес, еліміздің экологиялық болашағына бағытталған ұлттық жауапкершіліктің жарқын көрінісі болды.
    Жоғары ұйымшылдық және бел­сенділікпен өткен тәрбиелік мәні зор шараға М.Бейсебаев атындағы Талғар агробизнес және менеджент колледжінің 50-ден аса студенті қатысты. Бұл аудан орталығындағы басқа да орта оқу орындары мен мектеп оқушылары үшін үлгі болары сөзсіз. «Көрші – көршіден ерте тұруды үйренеді» демекші, осылай жастар жақсы қасиеттерді бойларына сіңіреді.

    Құтмағамбет ҚОНЫСБАЙ

    Талғар ауданы

    Соңғы жаңалықтар

    ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ СӨЗ ҚҰНДЫЛЫҒЫ
    27.04.2026
    Бастаманы ауқымдау және оны практикалық тұрғыдан іске асыру
    25.04.2026
    «Таза Қазақстан» – идеология мен құндылықтың платформасы
    25.04.2026
    ІЛЕДЕ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: БИЗНЕС ӨКІЛДЕРІ СЕНБІЛІККЕ БЕЛСЕНДІ ҚАТЫСТЫ
    25.04.2026
    ІЛЕДЕ СЕНБІЛІК ФОРМАТЫ ӨЗГЕРДІ: ЕНДІ ТАЗАЛЫҚҚА ОТБАСЫ БОЛЫП ҚАТЫСУ ТРЕНДКЕ АЙНАЛДЫ
    25.04.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>