⛅
-21°C
Қонаев
Сенбі, Қаңтар 17, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Желтоқсан қаһармандары

    16.12.2025
    in Барлық жаңалықтар, Қуғын-сүргін құрбандары
    Желтоқсан қаһармандары
    0
    SHARES
    4
    VIEWS

          Назарларыңызға ұсынып отырған мына фотосурет бұл күндері Желтоқсан көтерілісінің құнды жәдігеріне айналды. Оның авторы – Юрий Беккер. Енді осы сурет туралы аз-кем тоқталайық. Көтерілістен кейінгі жетінші айда қазақтың төрт жігітіне сот үкімі шығады. Қайрат Рысқұлбеков өлім жазасына кесіледі. Түгелбай Тәшенов пен Жамбылбек Тайжұмаев – 15 жылға, Қайыргелді Күзембаев 14 жылға бас бостандығынан айырылады. ҚазТАГ сот процесінен алынған хабар мен суретті редакцияларға жіберген.

    «Хабарды оқығанда жанымыз түршікті. Бірақ сотта қасқайып тұрған жігіттерді көріп, сабыр еттік. «Саяси қырағылық» танытқан газеттер желтоқсаншыларды айыптаған материал берумен ғана шектелді. Ал біз оқырманға фотосуретті көрнекті форматпен ұсындық», – дейді сол кездегі Алматы облыстық «Жетісу» газетінің бас редакторы болған Мамадияр Жақып ағамыз өзінің естелігінде.
    Бұл батыл әрекет ешкімді бейжай қалдырған жоқ. Компартиялық биліктің қанын басына шапшытты. Үкімді естігенде қазақ жастары тізелері дірілдеп, рухы жасып, жанын аман алып қалу үшін соттан сауға сұрап жылауы керек еді. Биліктің күткені де осы болатын. Ал Желтоқсан қаһармандары сын сағатта сыр бермеді. Жігіттердің қасқайып тұрған сесті кейіптері қызыл империя басшыларының зәресін ұшырды. Республика компартиясы орталық комитетінің бірінші хатшысы Г.Колбиннің: «Мынау Жақыпов дегенді идеологиялық жұмыстың маңына жолатпау керек», – деп бажылдағаны сондықтан еді. Содан бастап бас редактор біраз уақыт теперіш пен қудалауды бастан өткізді.
    Желтоқсан қаһармандарының сол суреті қазір де көрген жанды тебірендірмей қоймайды. Аға буынның ізбасарлары, біздер, оны әрқашан мақтаныш тұтамыз, өзіміге өнеге етеміз. «Желтоқсан қаһармандары бейнеленген фотосуретті сол күні үнемі жариялап отырсақ жөн болар еді» депті Мамадияр аға бір сөзінде. Біз де осы ұсынысты құп көрдік.

    Болат Батықұлы

     

    Ұсынымдар

    Маңызды шара

    Маңызды шара

    6 months ago
    ТАУ БАУРАЙЫНДАҒЫ БАСҚОСУ

    ТАУ БАУРАЙЫНДАҒЫ БАСҚОСУ

    5 months ago
    Жақсылық жасап жарысайық

    Жақсылық жасап жарысайық

    1 year ago
    Жөндеу жұмысымен танысты

    Жөндеу жұмысымен танысты

    4 months ago
    Қоғамды жаңғырту үшін әлі де көп шаруа атқаруымыз керек — Президент

    Қоғамды жаңғырту үшін әлі де көп шаруа атқаруымыз керек — Президент

    4 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>