[um_weather city="Қонаев"]
Сәрсенбі, Қаңтар 14, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Дәрігерлер үніне құлақ асты

    13.01.2026
    in Барлық жаңалықтар
    Дәрігерлер үніне құлақ асты
    0
    SHARES
    7
    VIEWS

          Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Ардақ Назаров пен Максим Рожин Еңбекшіқазақ ауданына жұмыс сапарымен келді. Халықтың тұрмыс-тіршілігімен танысып, өңірдің өзекті мәселелерінің мән-жайын білу үшін ауданға атбасын бұрған депутаттар алдымен Еңбекшіқазақ көпсалалы орталық ауруханасына бас сұқты.

    Аудандық аурухананың бас дәрігері Жәмилә Әбеуова депутаттарға медициналық нысанның материалдық-техникалық базасын таныстырды. Медициналық қызметтердің халыққа, әсіресе, шалғай елдімекендерде қоныс тепкен ауыл азаматтарына қолжетімді болуы үшін аурухана жұмысына енгізіліп жатқан жаңалықтар жайында жан-жақты айтты.
    «Ауданда ең көп тіркелетін аурулар артериялық гипертензия, сондай-ақ жүректің ишемиялық ауруы, ЖТС сынды жүрек-қан тамыр аурулары болып отыр. Осыған байланысты «Ауылдық денсаулық сақтау саласын модернизациялау» ұлттық жобасы аясында қан тамырларын рентген сәулесі арқылы зерттейтін ангиограф, МРТ, КТ аппараттарын алдық. Кардиохирург дәрігерлер, жүрек-қан тамыр ауруларын инвазивті жолмен емдейтін интервент кардиолог дәрігерлер қатарымызға қосылды. Кардиология бөлімінен жаңадан 40 орын аштық. Қазіргі уақытта кесуді қажет етпейтін, мини инвазивті оталарды осында әріптестеріміз жасап келеді», – деген Жәмилә Санаққызы микрохирургия орталығының жұмысын халық жоғары бағалап жатқанын айтты.
    Ауруханаға ем алуға келген халықты сөзге тартқан депутаттар медициналық мекеме қабырғасында жұмыс істейтін «Халық кеңесі» туралы білді. «Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы негізінде азаматтардың медицина саласына байланысты өтініш-тілектерін жедел әрі тиімді қарастыру және тұрғындардың денсаулыққа қатысты мәселелерін дер кезінде шешу мақсатында Еңбекшіқазақ көпсалалы орталық аудандық ауруханасына қарайтын 35 ауылдық дәрігерлік амбулаторияда 35 «Халық кеңесі» құрылған. Төрт жылдан бері бұл кеңестер жемісті жұмыс атқарып келеді. Ауылдардағы кеңес төрағалары халықтың шағымдары мен ұсыныс-пікірлерін жинап әкеліп, барлық мәселе осында әкімшілік, дәрігерлер болып, жан-жақты қаралады. Бастапқыда арыз-шағымдар көп болса, қазіргі уақытта олардың көлемі 70 пайызға азайды», – дейді бас дәрігердің орынбасары Гүлмира Отынбекова.
    Депутаттар аурухана ұжымымен кездесу өткізіп, ақ халатты абзал жандардың ой-пікірін тыңдады. Кездесу барысында қабылдау бөліміне ауыр халде түскен науқастарды тасымалдауға көлік бөлу, дәрігерлердің, кіші медицина қызметкерлерінің, әлеуметтік қызметкерлердің жалақысын арттыру, ауылдық жерлерде дәрігерлерді тұрақты қалдыру үшін әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жасау жолдары, аурухана қабырғасынан құрылған жастар денсаулық орталығының жұмысын жандандыру сияқты өзекті мәселелер көтерілді. Дәрігерлердің ұсыныс-пікірін түртіп алған Ардақ Назаров пен Максим Рожин бұл мәселелерді Парламент мінберіне жеткізуге уәде берді.
    Кездесу барысында мәжілісмендер жақында Мемлекет басшысы қол қойған медицина қызметкерлерін құқықтық қорғауды күшейту туралы заң жайында да кеңінен баяндады. Алдағы уақытта медицина қызметкерлерінің денсаулығы мен әл-ауқатына нұқсан келтіретін жайттардың жолы кесілетінін айтты.
    Депутаттар жұмыс сапары барысында Есік қаласындағы Есік гуманитарлық-экономикалық колледжінің жаңа жатақханасына барды. Екі жүз орынды студенттер үйінің құрылысы аяқталып, іші керек-жарақпен толық жабдықталған. Әр секцияда 2 және 3 орынды 2 бөлме болса, олардың ас бөлмесі, жуынатын бөлмесі ортақ. Жатақхана бойынша 8 оқу залы бар. Әр қабатта орналасқан олардың төртеуінде теледидар қойылған. Сондай-ақ әр қабатта кір жуу, кептіру және үтіктеу бөлмелері бар. Жаттығу залы да керек-жарағымен қамтылған, теннис үстелі де студенттер үшін дайын тұр. Медицина кабинеті және фильтр барлық керекті медициналық құралдармен жабдықталған. Жатақхана көгілдір отынмен жылиды. Бірер күнде қысқы демалыстан келетін білім алушыларға жатын орындары сақадай сай тұр.
    Студенттер үйінің дайындығын жоғары бағалаған мәжілісмендерге аудан әкімі Талғат Байеділов Есік гуманитарлық-экономикалық колледжінің құрылысы 1980 жылдары салынған ескі жатақханасының жай-күйін жеткізіп, онда күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге қолғабыс жасауларын өтінді.
    Мәжіліс депутаттарымен қатар аудан әкімі Талғат Байеділов, әкім орынбасары Ерболат Сарабеков, аудандық мәслихат төрағасы Бекет Ахметов, «AMANAT» партиясы Еңбекшіқазақ аудандық филиалының төрағасы Бағдат Рахимов бастаған топ құрылыс жұмыстары созбалаңға түскен Қ.Сәтбаев атындағы орта мектепте де болды. Құрылысы 2024 жылы басталған мектептің жөндеу жұмыстары екі кезеңнен тұрады. Бүгінде нысанның ішкі бөлігі дайын. Күрделі жөндеуге мектептің материалдық базасын түгендеу мәселесі кірмегендіктен қазір жап-жаңа кабинеттерге бұрынғы ескі парта, тақталары қойылып жатыр. Ал білім ордасының сыртқы абаттандырылуы мен кәріз, су жүйелерінің қосылу жұмыстары толық аяқталмаған. Десе де қазіргі уақытта тасымалмен Ә.Бөкейхан атындағы қазақ орта мектебінде оқып жатқан Қ.Сәтбаевтың 1054 оқушысы алдағы төртінші тоқсанда өз мектептерінде білімін жалғастырады деп күтілуде.

    Құралай МҰРАТҚЫЗЫ,
    Еңбекшіқазақ

    Ұсынымдар

    Қарғалының қолы шипа жандары

    Қарғалының қолы шипа жандары

    2 years ago
    Президент өндірістік жылыжай кешеніне барды

    Президент өндірістік жылыжай кешеніне барды

    2 years ago
    Биыл қанша пәтер пайдалануға беріледі?

    Биыл қанша пәтер пайдалануға беріледі?

    12 months ago
    Жамбыл ауданының әкімі әулетімен дауыс берді

    Жамбыл ауданының әкімі әулетімен дауыс берді

    3 years ago
    Академиктің есімі ардақталды

    Академиктің есімі ардақталды

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>