🌫️
-7°C
Қонаев
Жұма, Ақпан 27, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Арнайы операциялар күштері мергендері Алматы облысының Кубогында үздік атанды

    25.02.2026
    in Барлық жаңалықтар, Қорғаныс, Спорт
    Арнайы операциялар күштері мергендері Алматы облысының Кубогында үздік атанды
    0
    SHARES
    4
    VIEWS

    Қонаев қаласында Gas Gun Competition PRS (снайпинг) дисциплинасы бойынша Алматы облысының Кубогы өтті. Жарыс әртүрлі қашықтықта және түрлі позициялардан ату жаттығуларын қамтыды. Турнирге Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Мемлекеттік күзет қызметі, Қорғаныс министрлігінің Арнайы операциялар күштері, Ұлттық ұлан бөлімшелерінің мергендері, сондай-ақ құралайды көзге атқан әуесқой мергендер қатысты. Жарыс төрт бағыт бойынша өткізілді.

    Мергендер дәлдікті, атыс дағдыларының тұрақтылығын, шектеулі уақытта жұмыс істеу қабілетін, қашықтықты жылдам бағалап, әртүрлі жағдайда оқ ату бағытын түзету шеберлігін тексеруге бағытталған практикалық жаттығулар кешенін орындады. Сынға түскен мергендер жоғары техникалық дайындықты, заманауи жоғары дәлдікті ату әдістерін меңгеруді және барынша жинақылықты көрсете білді. Нәтижесінде «жартылай автоматты карабин» класында жүлделі орындардың барлығын Қорғаныс министрлігінің Арнайы операциялар күштерінің әскери қызметшілері иеленді.

    Мергендер сайысы әскери қызметшілер мен күштік құрылым қызметкерлерінің кәсіби шеберлігін жетілдіруге, сондай-ақ кәсіби және азаматтық атқыштар қауымдастығы арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға ықпал етті.

    Ұсынымдар

    Ел сенімін нығайтады

    Ел сенімін нығайтады

    1 month ago
    АУЫЛДЫҢ ГҮЛДЕНУІ – ЕЛДІҢ ГҮЛДЕНУІ

    АУЫЛДЫҢ ГҮЛДЕНУІ – ЕЛДІҢ ГҮЛДЕНУІ

    11 months ago
    Жеңіс тұғырынан көрінді

    Жеңіс тұғырынан көрінді

    2 years ago
    Ұлт тарихын түгендеген

    Ұлт тарихын түгендеген

    8 months ago
    Талғар ауданында топырақ көшті

    Талғар ауданында топырақ көшті

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>