Перейти к содержимому
Главная страница » Ата Заң құндылығы түсіндірілді

Ата Заң құндылығы түсіндірілді

Наурыздың 15-і күні жаңа Конституцияны қабылдау бойынша республикалық референдум өткізіледі. Бұл – ел дамуының жаңа кезеңіне бастайтын маңызды қадам болғандықтан жаңа Ата Заңды халық арасында кеңінен насихаттау мақсатында еліміздің барлық өңірінде коалиция кұрылып, олар өз жұмысын бастап кетті.

Балқаштағы үгіт-насихат жұмысы аудандық орталық аурухана ұжымы­мен кездесуден басталды. Жүздесу барысында коалиция мүшелері жаңа Конституцияның негізгі бағыттары мен олардың қоғамға, мемлекет дамуына тигізетін маңызы жайында баян­дап, дәрігерлер пікіріне құлақ түрді. Мұнан соң коалиция мүшелері аудан орталығындағы дене шынықтыру-сауықтыру спорт кешеніне атбасын бұрды. Онда да күн тәртібіндегі негізгі мәселе бойынша әңгіме өрбітіп, спорт саласы қызметкерлерінің пікірлерін тыңдады. Тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, алдағы уақытта осындай ақпараттық-түсіндіру шаралары өз жалғасын табатынын жеткізді.
Коалиция мүшелері жаңа Консти­туция жобасының негізгі бағыт­тары мен басымдықтарын кеңінен таныстырды. Атап айтқанда, азамат­тардың құқықтары мен бостандық­тарын қорғауды күшейту, билік тармақтарының теңгерімін сақтау және халықтың басқару ісіне қатысу мүмкіндігін арттыру жайы түсіндірілді. Ұжым тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауап беріліп, ашық әрі мазмұнды пікір алмасу өтті. Сонымен қатар референдум күні берілген әрбір дауыстың ел болашағына қосылған үлес екені айтылды.
Иә, Конституция – кез келген елдің құқықтық іргетасы ғана емес, оның тарихи таңдауының, құндылықтық бағдарларының және болашаққа деген сенімді стратегиялық көзқарасы­ның айнасы. Конституцияның бүкіл халықтың дауысымен бекітілуі оның заңдық күшін ғана емес, қоғамдық негізін де күшейтетіні сөзсіз.

Бақтығали ДӘУІТБАЙ
Балқаш ауданы