❄️
-4°C
Қонаев
Бейсенбі, Ақпан 12, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Азаматтардың цифрлық ортадағы құқықтарын қорғау

    11.02.2026
    in Барлық жаңалықтар, Құқық-заң, Лебіз, Партия, Саясат
    Азаматтардың цифрлық ортадағы құқықтарын қорғау
    0
    SHARES
    6
    VIEWS

    Конституция – мемлекеттің құқық жүйесінің іргетасы. Оның негізінде қабылданатын заңдар әрқайсымыздың күнделікті өмірімізге, болашағымызға тікелей байланысты. Сондықтан қоғам дамуы, жаңа заманның жаңа үдерісіне қарай Конституциямыздың да жаңарып жатуы – уақыт талабы. Осы орайда жаңа Конституция жобасында цифрландыру сынды бүгінгі таңдағы өзекті мәселенің көтерілгенін, Конституцияда алғаш рет азаматтардың цифрлық ортадағы құқықтарын қорғау нормасы бекітілгенін ерекше атап өту керек.

    Цифрлық технология көз ілестірмес жылдамдықпен дамып, жасанды интеллект күнделікті өмірімізге ентелей кірген, Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлемде кибералаяқтар алшаң басып, дербес дерек, азаматтардың жеке басының мәліметтері көпшілікке жария болып жатқан қазіргі уақытта азаматтардың цифрлық ортадағы құқықтарын қорғау туралы мәселе көтерілуі орынды.

    Жаңа дәуір талаптарына сай барлық салада цифрландыру мен жасанды интеллектіні кеңінен енгізу – стратегиялық маңызға ие екенін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та атап өткен. Сондай-ақ құқық қорғау жүйесіндегі цифрландыру үдерісінің ойдағыдай еместігіне назар аударып, Үкіметке қолданыстағы барлық цифрлық шешімдерді саралап, олардың тиімділігін арттыруды, ақпараттық кеңістікте азаматтардың дербес деректері тарап кетуінің алдын алып, деректерді барынша қорғау үшін жүйелі жұмыс істеу керектігін, киберқылмысқа қарсы күрес тәсілдерін түбегейлі қайта қарау қажеттігін тапсырған-ды.

    Киберқылмыс демекші, қазіргі қолданыстағы Конституцияда жеке өмірге қол сұқпау туралы 18-бап бар. Алайда ол қабылданған кезде цифрлық технологиялардың беталысы бүгінгідей қарқынды болмады. Тиісінше, жеке деректер ақпараттық технологиялар арқылы жария болу қаупі де жоғары емес-тін. Осы орайда Ата заңымыздың уақыт талабына сай жаңарып жатқаны көңілге сенім ұялатады.

    Жаңа Конституция жобасының 21-бабында жеке өмірге қол сұқпау құқығына, жеке және отбасы құпиясының болу құқығына, цифрлық технологияларды қолдануды қоса алғанда, дербес деректерді заңсыз жинаудан, өңдеуден, сақтаудан және пайдаланудан қорғау құқығына заңмен кепілдік беріледі. Сондай-ақ банк операцияларының, жеке салымдар мен жинақтардың, жазысқан хаттардың, телефон арқылы сөйлескен сөздердің, пошта хабарламаларының және байланыс құралдарының, оның ішінде цифрлық технологияларды қолдану арқылы берілетін өзге де хабарламалардың құпиясы заңмен қорғалатыны нақтыланған.

    Бұдан байқайтынымыз, Конституцияның жаңа мәтіні адам құқықтары мен бостандықтарына бағдарланған. Бұл мәселе жаңа Преамбулада ғана бекітіліп қоймай, бүкіл Конституцияның ерекше басымдығы әрі мағыналық өзегі ретінде айқындалған.

    Бағдат Рахимов,

    AMANAT» партиясы Еңбекшіқазақ аудандық филииалының төрағасы

    Ұсынымдар

    Ырысымыз ортаймасын!

    Ырысымыз ортаймасын!

    10 months ago
    Республикалық референдум

    Республикалық референдум

    1 year ago
    Мемлекет басшысы Жапония Парламентінің Қазақстанмен достық лигасы мүшелерімен кездесті

    Мемлекет басшысы Жапония Парламентінің Қазақстанмен достық лигасы мүшелерімен кездесті

    2 months ago
    Бас жоспар – басты назарда

    Бас жоспар – басты назарда

    2 years ago
    Әкім есебі: іс пен нәтиже

    Әкім есебі: іс пен нәтиже

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>