🌫️
2°C
Қонаев
Сәрсенбі, Ақпан 4, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Бала құқықтары жөніндегі уәкіл жаңа Конституцияның басымдығын атады

    03.02.2026
    in Барлық жаңалықтар, Құқық-заң, Саясат
    Бала құқықтары жөніндегі уәкіл жаңа Конституцияның басымдығын атады
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    Конституция жобасы адамның қолданыстағы құқықтары мен бостандықтарын сақтап қана қоймай, олардың аясын кеңейтіп, нақты іске асуын және қорғалуын күшейтеді. Бұл туралы Конституциялық реформа жөніндегі комиссия отырысында Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева айтты.

    «Конституция – мемлекеттің құқық жүйесінің іргетасы. Оның негізінде қабылданатын заңдар әрқайсымыздың және әр баланың өмірі, болашағы мен әл-ауқатына тікелей байланысты. Конституция жобасы мазмұндық тұрғыдан үш маңызды тірекке негізделеді: бостандықтар, құқықтар және міндеттер. Олардың бірлігі – Конституцияның мәні мен тұтастығын қалыптастырады. Бостандық пен құқыққа мемлекет тарапынан кепілдік беріледі, ал олардың жүзеге асырылуы өзгелердің құқықтарын бұзуға жол бермейтін, конституциялық тәртіпке нұқсан келтірмейтін жауапты мінез-құлық және міндеттерді сақтаумен қамтамасыз етіледі», – деді ол.

    Осы тұрғыда Закиева бірқатар конституциялық өзгерістерге назар аударып, негізгі Заңның басымдығын белгілеп берді.

    «Біріншіден, екінші бөлімнің атауы өзгереді. Қазіргі «Адам және азамат» атауының орнына «Негізгі құқықтар, бостандықтар мен міндеттер» деген атау ұсынылады. Бұл өзгеріс адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының, сондай-ақ міндеттерінің басым маңызға ие екенін айқын көрсетеді», – деп санайды Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл.

    Аталған бөлім құрылымдық тұрғыдан 29 түрлі құқықты, бостандықты және міндетті қамтиды. Конституция жобасында бекітілетін барлық құқықтар мен бостандықтар оларды іске асыру шарттарымен қатар белгіленеді.

    Тағы бір маңыздысы – Конституцияның жобасында адамның барлық жеке құқықтарының қол сұғылмаушылығы тікелей бекітілген.

    «Жаңа редакцияда құқықтар мен бостандықтарды жүзеге асыру басқа адамдардың құқықтарын бұзбауға және бостандықтарын шектемеуге тиіс, конституциялық құрылымның негіздеріне, қоғамдық тәртіпке, азаматтардың денсаулығына және қоғамның адамгершілік болмысына нұқсан келтірмеуі тиіс екені нақты айқындалады. Осы тұрғыдан алғанда, Конституцияда адамның ар-намысы мен қадір-қасиетінің қол сұғылмаушылығы және олардың заңмен қорғалатыны туралы Ереженің ерекше маңызы бар. Бұл адам абыройын қорғауды жаңа деңгейге көтермек», – деді ол.

    Сонымен қатар, комиссия отырысында атап өтілгендей, Конституциядағы хат алмасу, хабарламалар мен жеке өмір құпиясының қол сұғылмаушылығы туралы норма бұл құқықтардың да қорғалатынын айқын көрсетеді.

    «Конституция жобасы қазіргі заманғы үрдістерді ескере отырып, бұл қағидалардың технологиялық серпін жағдайында да толық қолданылатынын нақты айқындайды. Ар-ождан бостандығы, еңбек ету құқығы, жүріп-тұру еркіндігі, тұрғын үйге, меншікке, денсаулық сақтауға қатысты құқықтар өзгеріссіз қалуда», – деп қорытындылады ол өз сөзін.

    Ұсынымдар

    Президент апат болған Костенко атындағы кенішке барды

    Президент апат болған Костенко атындағы кенішке барды

    2 years ago
    95-тің тамызы

    95-тің тамызы

    5 months ago
    Жаңа қаланың болашағы жарқын

    Жаңа қаланың болашағы жарқын

    12 months ago
    Қазақстан тауларында жаңбырдан сел жүруі мүмкін — “Қазгидромет”

    Қазақстан тауларында жаңбырдан сел жүруі мүмкін — “Қазгидромет”

    2 years ago
    Алматы облысында бастауыш партия ұйымдарының форумы өтті

    Алматы облысында бастауыш партия ұйымдарының форумы өтті

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>