Перейти к содержимому
Главная страница » Қазақстан тауларында жаңбырдан сел жүруі мүмкін — «Қазгидромет»

Қазақстан тауларында жаңбырдан сел жүруі мүмкін — «Қазгидромет»

«Қазгидромет» РМК Қазақстанның тау өзендері бойынша биылғы суару кезеңіне арналған гидрологиялық болжамын ұсынды.

«Қазақстанның оңтүстігі, оңтүстік-шығысы және шығысындағы тау өзендері үшін алдағы уақыттағы су көлемінің негізгі көрсеткіші 2023 жылғы 1 қазан-2024 жылғы 1 сәуір аралығындағы ылғал жиналу кезеңіндегі жауын-шашынның жалпы көлемінен құралады», — деді «Қазгидрометтің» баспасөз хатшысы Алина Исмағұлова Орталық коммуникациялар қызметінде.

Жерді қашықтан зондтау суреттеріне сәйкес, 7 сәуірдегі жағдай бойынша Қазақстанның қар жамылған таулы аумақтарының көлемі: Жамбыл облысы бойынша — 2%, Түркістан облысы бойынша — 2%, Алматы облысы бойынша — 14%, Жетісу облысы бойынша — 18%, Абай облысы бойынша — 9%, Шығыс Қазақстан облысы бойынша — 63% құрайды.

Метеостансаларда жүргізілген көпжылдық бақылауларға сәйкес, бір тәулікте жауын-шашынның айлық нормасы түсуі мүмкін, бұл қауіпті табиғи гидрометеорологиялық құбылыстардың пайда болуына әкелуі ықтимал.

«Температуралық фон көтеріліп, нөсер жаңбыр жауған жағдайда, Қазақстанның оңтүстігіндегі, оңтүстік-шығысы мен шығысындағы тау өзендерінде жаңбырдан кейін қатты су тасқыны болуы мүмкін», — деді Қазгидромет өкілі.

ҚазАқпарат