⚠️ Ауа райы табылмады.
Сенбі, Ақпан 28, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    Белсенділік таныту – парызымыз

    27.02.2026
    in Барлық жаңалықтар, Конституция, Құқық-заң, Референдум, Саясат
    Белсенділік таныту – парызымыз
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    Қазіргі кезде елімізде қайта қабылданатын жаңа Конституцияның жобасы жан-жақты түсіндірілуде. Бұл – заңдылық. Өйткені ескі болсын, жаңа болсын, кез келген заң сол елдің халқына керек. Халықтың жарқын болашағы, ұрпақтың алаңсыз өсіп жетілуі заң аясында жүзеге асырылатыны белгілі. Тәуелсіз елімізде жаңа қабылданатын заң әлемдік саяси ахуалдың дәл бүгінгідей күрделене түсіп отырған шағында мемлекеттің дамуы мен тұрақтылығы үшін, азаматтардың еркіндігі мен бостандығы үшін аса қажет деп ойлаймын. Өйткені әр күні сан құбылып тұрған уақыт өлшемі мемлекеттің заңдарын қайта қарауды, кейбір баптарына өзгеріс енгізуді талап етіп отырғаны анық.

    Халыққа ұсынылған жаңа Конституцияның 84 пайызына өзгерістер енгізілген. Өзгеріс енгізілген негізгі тараулар мен баптарда Қазақстан халқының Тәуелсіз, бостандықты қалайтын халық екені атап көрсетілген. Және қай бапты алып қарасаңыз, ой елегінен өткізіп, талдау жасасаңыз, барлығы да адамдардың бейбітшілік аясында ғұмыр кешуіне, тағдырларын ұлттық салт-дәстүрмен байланыстырып, бабалар салып кеткен әдет-ғұрыптың сара жолымен жүруіне бағыт-бағдар ұсынады.

    Конституцияның «Негізгі құқықтар, бостандықтар және міндеттер» бөлімі әзірленген кезде Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы, Қазақстан ратификациялаған халықаралық пактілер мен жалпыға бірдей танылған халықаралық-құқықтық стандарттар барынша ескерілгені көрініп тұр. Соның нәтижесінде азаматтардың жеке, әлеуметтік-экономикалық және саяси құқықтарының мазмұны тереңдетіліп, оларды іске асыру мен қорғауға берілетін кепілдіктер айтарлықтай күшейтілген.

    Әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғауға ерекше назар аударылуы да Конституция жобасының әлеуметтік бағдарын айқындайды. Бала – біздің болашағымыз болса, ана – сол баланы өмірге әкеліп, тұлға болып қалыптасуына, өмірден өз орнын табуына жауапты адам. Осы тұрғыдан алғанда ана мен бала мәселесіне мән берілуі құптарлық жайт.

    Жаңа Преамбулада бірлік пен ынтымақтастық, ұлтаралық және дінаралық келісім, егемендік пен аумақтық тұтастық өзгермейтін құндылықтар ретінде бекітілді. Әділеттілік, заң мен тәртіп, табиғатқа жауапкершілікпен қарау алғаш рет конституциялық қағидат деңгейіне көтерілді. Сонымен қатар мемлекеттің болашағы табиғи ресурстармен емес, адами капиталмен, біліммен, ғылыммен және инновациямен айқындалатыны нақты көрсетілді.

    Жаңа Конституция жобасының басты өзегі – адам құқықтарына бағдарланған мемлекет тұжырымдамасы. Осы тұрғыдан алғанда, жаңа Конституция Қазақстанның сенімді түрде болашаққа қадам басқанын көрсететін стратегиялық құжат ретінде бағаланады.

    Жаңа Конституцияға байланысты 15 наурызда елімізде жалпыұлттық референдум өткізілетіні анық. Әркім осы саяси шарада жаңа заңға қатысты қолдайтын, қолдамайтынын білдіруі қажет. Сондықтан мен Қазақстан халқын референдумға ұйымшылдықпен қатысып, өз таңдауларын жасауға, белсенділік танытуға шақырамын.

    Лиза КӨШКЕНОВА,

    «Қызғалдақ» бөбекжай балабақшасының меңгерушісі

    Текес ауылы,

    Райымбек ауданы

     

    Ұсынымдар

    Алматы облысының әкімі әйелдер қауымын мерекемен құттықтады

    Алматы облысының әкімі әйелдер қауымын мерекемен құттықтады

    3 years ago
    Өзекті мәселелер өз шешімін табады

    Өзекті мәселелер өз шешімін табады

    2 years ago
    Алматы облысында 285,5 мың гектар жердің бос жатқаны анықталды

    Алматы облысында 285,5 мың гектар жердің бос жатқаны анықталды

    3 years ago
    Өлкетануға үлес қосқан

    Өлкетануға үлес қосқан

    1 year ago
    Конституциялық комиссияның жұмысы –   жаңа қоғамдық шартты бекіту мүмкіндігі

    Конституциялық комиссияның жұмысы –  жаңа қоғамдық шартты бекіту мүмкіндігі

    1 month ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>