-13 °c
Qonaev
Saturday, June 14, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Өлкетануға үлес қосқан

    30.01.2025
    in Барлық жаңалықтар
    Өлкетануға үлес қосқан
    0
    SHARES
    3
    VIEWS

           Жамбыл аудандық кітапханасында Халық ағарту ісінің үздігі, журналист, ауданның Құрметті азаматы Виктор Никитинді еске алу кеші өтті. Шараға қатысқан зиялы қауым өкілдері, оқырмандар тіршілігінде ұстаздық пен қаламгерлікті қатар атқарып, қоғамдық өмірде белсенділігімен танылған жайсаң жан туралы естеліктер айтты.

    Жиынды жүргізген белгілі жыршы-термеші Жылбек Тоқтасынов осыдан үш жыл бұрын дүниеден өткен Виктор Ивановичтің өмір жолына қысқаша тоқталды. Отан алдындағы әскери борышын өтеп келгеннен кейін ол Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтын бітіріп, өзінің туған ауылы Қарғалыдағы орта мектепте мұғалімдік қызметін бастайды. Қашанда қоғамдық-саяси өмірдің бел ортасынан табылатын көпшіл ұстаз ауыл өмірі, ондағы адамдар туралы аудандық, облыстық газеттерге мақала жазып, газеттің штаттан тыс тілшісі ретінде журналистік қырымен де ерекшеленген. Белсенділігінің арқасында аудандық мәслихат депутаты, ақсақалдар алқасының мүшесі, елінің патриоты бола білді.
    Виктор Никитиннің білім саласын­дағы жетістіктері мен қоғамдық өмірде алған орны туралы ҚР Мәдениет қайраткері, белгілі ардагер-журналист Күмісжан Байжан лебіз білдірді. Ет-жүрегі қазақ елі мен жері деп соққан абзал жанның өлкетануға қосқан үлесіне айрықша тоқталды. Сондай-ақ облыстық «Огни Алатау» газетінің Жамбыл ауданындағы меншікті тілшісі Исмаилжан Иминов әріптес-ұстаз туралы естелігімен бөлісті.
    Виктор Никитин еңбек еткен Әсет Бейсеуов атындағы орта мектептің оқушылары қаламгер-ұстаздың өмірбаянына шолу жасады. Оның балалық шағы соғыс кезіне тап келген. Әкесі майданда қаза тауып, анасына балаларын жалғыз өсіруіне тура келіпті. Бала Витя өмірдің ащы дәмін ерте татып, бұғанасы қатпастан анасына көмектесіп, шаруашылық алқаптарында, пионер лагерьлерінде жұмыс істеген.
    Жоғары білім алған соң ауыл мектебінде, мектеп-интернатында зейнетке шыққанша ұзақ жыл еңбек­тенді. Оның хоббиі журналистика еді. Аудандық, облыстық басылым­дарға үзбей жазып тұрды. Ауыл тарихын шығармаларына арқау етті. Туған жердің тау-тасы мен өзен-көліне құштар биолог жас ұрпақтың бойына табиғатты сүйе білуді сіңірді, өлке экологиясына көпшілік назарын аударды. Тауға саяхатқа шыққанда оқушыларымен бірге өзен арнасын, шатқалды тазартуды ұмытпайтыны жерлестерінің есінде.
    Кеште оқушылар Виктор Никитин­нің өлеңдерін оқып, домбыра­мен әуелете ән салды. Соңынан аудандық «Сүйінбай сазы» ансамблі өнерпаздарының шағын концерті тамашаланды.

    Серік Сатыбалдиев

    Жамбыл ауданы

    Ұсынымдар

    Жыр алыбына тағзым

    Жыр алыбына тағзым

    1 year ago
    Алматы облысында тұрғындар жер телімін әділ бағалауды сұрайды

    Алматы облысында тұрғындар жер телімін әділ бағалауды сұрайды

    2 years ago
    Атқарылған жұмыстар талқыланды

    Атқарылған жұмыстар талқыланды

    10 months ago
    Баспана – бақыт шамы

    Баспана – бақыт шамы

    6 months ago
    Ескертпеден еш нәтиже шықпаған

    Ескертпеден еш нәтиже шықпаған

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>