Қазақстан үшін Конституциялық жаңғыру уақыт талабы. Бұл өзгерістер мемлекеттің ашықтығын арттырып, азаматтардың шешім қабылдау үдерісіне қатысу мүмкіндігін кеңейтеді. Сөз жоқ жаңа Конституция жобасы тұрақты даму мен әділетті қоғам құруға бағытталған маңызды қадам деп санаймын.
Жоба Конституция деңгейінде әділеттілік, заң мен тәртіп, табиғатқа жауапкершілікпен қарау қағидаттарын бекітеді. Шындығы сол құқық үстемдігі мен заң алдындағы теңдік қағидаттарының нығаюы қоғамдағы әділеттілік пен сенімді арттырады. Әсіресе, адам капиталына, әлеуметтік кепілдіктерге және қоғамдық диалогқа басымдық берілуі болашақ ұрпақ үшін берік негіз қалыптастырады. Бұл оң өзгеріс бизнес үшін ең маңыздысы тұрақтылық пен түсінікті ережелер. Конституциялық реформалар осы бағытта нақты өзгерістер әкелсе, кәсіпкерлік ортаға оң әсер етуі мүмкін. Референдум арқылы қабылданған шешімдерге қоғамның қолдауы жоғары болады. Бұл экономикалық саясаттың сабақтастығын қамтамасыз етеді.
Елімзде заң үстемдігі артқан сайын кәсіпкерлер болашаққа сеніммен қарап, инвестиция салуға дайын болады. Сонымен қатар мемлекеттік институттардың тиімділігі артса, әкімшілік кедергілер азаюы ықтимал. Бұл шағын және орта бизнестің дамуына серпін береді. Мен бұл процесті жаңашылдыққа ұмтылыстың белгісі деп қабылдаймын. Әрине, кез келген реформа мұқият талқылауды қажет етеді. Бірақ халықтың қатысуы оның маңызын арттыра түседі. Жалпы, бұл бастама экономикалық белсенділікті күшейтуге ықпал етуі мүмкін.Соңғы жылдары Алматы облысы индустриялық-инновациялық даму бағытында айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізіп келеді. Бүгінде Алматы облысында жеке кәсіпкерлік тек экономиканың ғана емес, әлеуметтік тұрақтылықтың да тірегіне айналды. Жоба Конституция осы оң көрсеткіштерді тіптен арттыра түсеріне сенім мол.
Ержан Дүйсекенов,
«Respublica» партиясының
Алматы облыстық филиалы төрағасы




