Қабылдау барысында аудан тұрғындары тарапынан әлеуметтік мәселелер, жол инфрақұрылымы, тұрғын үй, жер қатынастары және өзге де маңызды сұрақтар көтерілді. Әрбір өтініш мұқият тыңдалып, заң аясында тиісті бөлім басшыларына нақты тапсырмалар берілді. Кейбір мәселелер бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, бақылауға алынды.
Аудан әкімдігі тұрғындардың ұсыныс-пікірлеріне әрдайым ашық екенін білдіреді. Халықпен кері байланыс орнату – ортақ мәселелерді бірлесе шешудің басты кепілі.
Бірге жұмыс жасап, ауданымыздың дамуына үлес қосайық!




