⛅
17°C
Қонаев
Дүйсенбі, Сәуір 27, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    Егемендікті нығайтуға негіз қалайды

    17.02.2026
    in Барлық жаңалықтар, Құқық-заң, Референдум, Саясат
    Егемендікті нығайтуға негіз қалайды
    0
    SHARES
    17
    VIEWS

    Конституция – қатып қалған догматикалық мәтін емес, заманға сай өзгеріп тұратын заңдық жүйе. Сондықтан да оның уақыт талабымен өзгеріске ұшырауы заңдылық. Джордж Вашингтон айтпақшы, «Конституция халықты билеу үшін емес, халықтың билігін қамтамасыз ету үшін жазылған құжат».

    Ата Заңға қашаннан құрметпен қарайтын халықпыз. Өйткені, ол – еліміздің егемендігін танытып, адам құқығы мен бостандығын қорғайтын негізгі тетік. Қазіргі таңда жаңа Конституцияның жобасы жарияланып, ел көлемінде талқыланды. Алда өтетін референдумда халық қолдаса, жаңа Конституциямыз қабылданады. Ондағы өзгешеліктерге тоқталып өтер болсам, бұрынғы Конституцияда басты біріктіруші фактор ретінде ортақ тарихи тағдыр көрсетілсе, жаңа мәтінде «байырғы қазақ жері» деген ұғым арқылы қазақ халқының титулдық рөлі мен оның мемлекет құрушы мәртебесі нақтырақ көрсетілген.

    Жаңа преамбулада экология, білім, ғылым және инновация сияқты басымдықтардың пайда болуы – заман талаптарын дәл бейнелейтін, болашақ бағдарын айқындайтын оң құбылыс. Бұл Қазақстанның қандай құндылықтарға сүйеніп, қандай стратегиялық траекторияға бағыт алғанын көрсететін көрсеткіш.

    Унитарлы мемлекетке екі палаталы Парламент керек еместігі жайлы тақырып заңгерлердің арасында бұрыннан бері талқыланып жүрген. Осы орайда Сенатсыз Парламент реформасы Президенттің өкілеттігін қысқартады. Яғни өзі тағайындайтын Сенаттың 15 депутатынан айырылады. Ұсынылған өзгерістер  Құрылтайдың 145 депутатын халық сайлайтын жүйе қалыптастырады. Енді барлық 145 депутатты азаматтар өздері сайлайтындықтан, бұл өзгеріс парламенттің өкілдік дәрежесін күшейтіп, партиялар арасындағы саяси бәсекені арттырады деп күтіледі. Осы орайда жүйелі ұстанымы бар, моральдік талаптары жоғары және қалыптасқан мамандарды іріктеп өткізетін партиялар қажет.

    Сондай-ақ жаңа заң жобасында «Әділетті Қазақстан» құндылықтары мен «Заң мен тәртіп» қағидаттары бекітілген. Бұл – әділ мемлекет құруға, заңдылықты нығайтуға және мемлекеттік институттарға деген сенімді арттыруға бағытталған маңызды бағдар. Сонымен қатар этносаралық және конфессияаралық келісімге, мәдениет пен экологиялық жауапкершілікке ерекше мән берілуі қоғамның орнықты дамуына негіз қалайды. Бір сөзбен айтсақ, жаңа Ата Заң еліміздің алдағы дамуына бағдарланған. Ол азаматтардың жан-жақты қорғалып, еркін әрі Тәуелсіз елде өмір сүруіне жол ашады. Егемендікті нығайтуға негіз қалайды.

    Қуат Қайранбаев,

    Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі,

    «Құрмет» орденінің, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері

    Соңғы жаңалықтар

    Кәсіпкерлік: қолдау мен қорғау
    27.04.2026
    Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
    27.04.2026
    Олжас Бектенов «Самұрық-Қазына» АҚ директорлар кеңесінің отырысын өткізді
    27.04.2026
    Балалардың жазғы демалысы: лагерь таңдаудағы маңызды қағидалар
    27.04.2026
    Олжас Бектенов «Самұрық-Қазына» АҚ директорлар кеңесінің отырысын өткізді
    27.04.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>