⛅
18°C
Қонаев
Дүйсенбі, Сәуір 27, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    Кәсіпкерлік: қолдау мен қорғау

    27.04.2026
    in Барлық жаңалықтар
    Кәсіпкерлік: қолдау мен қорғау
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    М.Бейсебаев атындағы агробизнес және менеджмент колледжінде «Атамекен» ҰКП Талғар аудандық филиалының ұйымдастыруымен кәсіпкерлерге арналған кеңейтілген жиын өтті. Басқосуда мемлекеттік органдардың, қаржы институттарының, құқық қорғау жүйесінің өкілдері жиналып, субсидиялау, несиелерді кепілдендіру және бизнесті мемлекеттік қолдау жайын талқылады. Шара басында «Бір ауыл – бір өнім» атты дәстүрлі көрме өтіп, онда шағын және орта бизнестің жетекші өкілдері өз өнімдерін ұсынды. Осылайша кеңеске қатысушылар мен қонақтар тек кәсіпкерлермен жақынырақ танысып қана қоймай, сонымен бірге олар өндіретін өнімдерді де өз көзімен көріп, тіпті түрлі тағамның дәмін татуға да мүмкіндік алды.

    Кеңестің жұмысын жүргізіп, модераторлық еткен «Атамекен» ҰКП Талғар аудандық филиалының директоры Айдос Қалжанов алғашқы сөзді облыстық кәсіпкерлік палатасы директорының экономика мәселе­лері бойынша орынбасары Жанна Қырғызалықызына берді. Ол осы мекеменің кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау бойынша жүргізіп жатқан жұмысы, алдағы міндеттері жайында баяндады. Оның айтуынша, бүгінде мемлекет шағын және орта бизнес­ті дамыту үшін түрлі құралдарды ұсынады. Бұл шаралар кәсіпкерлерге бизнес ашып кеңейтуге, стратегиялық шешімдер қабылдауға және өзгерістер жағдайында да сенімді алға жылжуға көмектеседі. Бұдан басқа, облыстық палата бизнесті қорғау мақсатында өткен жылы 14 отырыс өткізген. Соның ішінде 3 көшпелі отырыс ұйымдастырылып, онда 130 түйткілді мәселе қаралған, соның 125-і нақты шешімін тапқан. Атап айтқанда, сол отырыстардың қорытындысы бойынша кәсіпкерлердің 800 млн теңге сомасындағы құқығы қорғалған.
    Жыл басынан бері палатаның отырыстарында кәсіпкерлердің 8 өтініші қаралыпты. Бүгінге күнге дейін 6 мәселе шешіліп, екеуі қаралу үстінде екен. Ал жалпы жағдай туралы айтар болсақ, «Атамекен» өкілдері облыс кәсіпкерлерінің ортақ мөлшері 1 млрд 13 млн теңге болатын құқықтарын қорғауға қол жеткізген.
    Баяндамашы өңірлік палатаның қызметі жайында да сөз қозғады. Оның айтуынша, өңірлік кәсіпкерлер палатасы жанында 9 салалық кеңес жұмыс істейді. Олар білім беру, медицина, туризмнен бастап, энергетика, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық салаларына дейін қамтиды. Әсіресе өңірлік кеңестер жемісті жұмыс істеп, өздерін озық консультативтік ұйым ретінде көрсетіп отыр. Мысалы, 2025-2026 жылдар аралығында 48 отырыс өткізіліп, онда 55 мәселе шешілген.
    Облыстық кәсіпкерлік палатасы өкілі сондай-ақ кәсіпкерлерді ынталан­дыратын фактор саналатын «Бір ауыл – бір өнім» көрмелерінің тиімділігіне де тоқталды. Өткен жылы оған шағын және орта бизнестің 25 өкілі қатысып, нәтижесінде 3 жоба іріктеліпті. Финалға шыққандар 5 млн теңге көлемінде грант алған. Сөз соңында ол кәсіпкерлерді «Парыз», «Алтын Сапа», «Адал азамат» сияқты түрлі байқауларға белсене қатысуға шақырды.
    Одан кейін сөз алған аудан прокурорының орынбасары Данияр Мұқияев заңдылықты қадағалаушы ұйымның «Атамекен» кәсіпкерлік палатасымен бірлесе жүргізіп жатқан жұмыстарына тоқталды. Ол келтірген мәліметтерге сәйкес, прокура­турада бизнесті ілгерілетуге, рұқсат құжаттарын алуға жәрдемдесу бойынша мобильдік топ жұмыс істейді. Өткен жылы аталған топ 5 кәсіпкердің құқығын заңсыз тексерулерден қорғаған. Прокурордың айтуынша, көптеген кәсіпкер заңды білмегендіктен өз құқықтарын пайдалана алмайды, электр энергиясы тұрғысынан қандай да бір жеңілдіктер ала алмайды. Мұның бәрі, сайып келгенде, кәсіпкерліктің дамуына салқынын тигізеді. Ал заңды білу, кәсіпті қабылданған ережелер негізінде жүргізу және мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдау мен түрлі мүмкіндіктерге қол жеткізіп, оларды іс жүзінде пайдалана білу, керісінше оның дамуына ықпал етеді. Сол себепті де сөз соңында Данияр Мұхтаржанұлы кәсіпкерлерге прокуратураның есігі әрдайым ашық екенін және кез келген өзекті мәселеде көмектесуге дайын екенін жеткізді.
    «Атамекен» ҰКП аудандық филиалының жұмысы жөнінде Айдос Қалжановтың өзі де кең түрде есеп берді. Ол келтірген деректерге сүйенсек, биыл ауданда шағын және орта бизнес саласында жұмыс істейтін шаруашылық нысандарының саны 25 382 бірлікті құрайды. Оның ішінде шағын бизнес – 3067, орта бизнес – 29, жеке бизнес – 20 874, фермерлік шаруашылықтар – 1412. Жыл басынан бері бизнесті қорғау саласында кәсіпкерлерден 12 өтініш түсіп, олардың құқықтарын қорғау бойынша 8 кездесу өткізілген. Бизнесті қолдаудың бірыңғай кешенді бағдарламасы аясында өңір­лік кәсіпкерлер палатасының кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы 1260 консультациялық қызмет көрсетіп, аудандық кәсіпкерлер кеңесінің 8 отырысы өткізілген.
    «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында ауданнан «Қонаев» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясына 165 жоба бойынша құжат тапсырылған. 60 жоба 553 миллион теңгеге қаржыландырылып, нәтижесінде 68 адам жұмыспен қамтылған. 78 жоба бойынша қаржыландыру күтілуде, ал 27 жоба иесі өз еркімен несиеден бас тартқан. Бүгінгі таңда бағдарлама шеңберінде скрининг негізінде талдамалық ақпарат дайын­далып, лимит қайта қаралған және 80 жобаға 1 миллиард 25 миллион теңге қаржы бөлінген. Ол сондай-ақ биыл ауданға айтарлықтай көлемде инвестиция тартылғанын, «Еуразиялық логистикалық парк» пайдалануға берілгенін, жобаны жүзеге асыруға 22 миллиард теңге жұмсалғанын атап айтты.
    Кеңеске қатысқан «Даму» қоры, «ҚазАгроҚаржы», «Аграрлық несие корпорациясы», «БанкЦентрКредит» сияқты қаржы институттары мен мемлекеттік кіріс органдарының өкіл­дері де шағын және орта бизнесті қаржыландыру бағдарламалары мен құралдарын егжей-тегжейлі түсіндірді. Кездесу соңында кәсіпкерлер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, оларға қатысты нақты кеңес алды.

    Құтмағамбет ҚОНЫСБАЙ

    Талғар ауданы

    Соңғы жаңалықтар

    Кәсіпкерлік: қолдау мен қорғау
    27.04.2026
    Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
    27.04.2026
    Олжас Бектенов «Самұрық-Қазына» АҚ директорлар кеңесінің отырысын өткізді
    27.04.2026
    Балалардың жазғы демалысы: лагерь таңдаудағы маңызды қағидалар
    27.04.2026
    Олжас Бектенов «Самұрық-Қазына» АҚ директорлар кеңесінің отырысын өткізді
    27.04.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>