Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында 2027 жылды «Жалпыхалықтық ауқымды құрылыс жылы» деп жариялауды ұсынды. Бұл бастама елдегі инфрақұрылымды жаңғыртуға, әлеуметтік нысандарды көбейтуге және халықтың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған.
Аталған бастама аясында Алатау қаласының да әлеуметтік-экономикалық дамуына, инфрақұрылымын жетілдіруге және заманауи қала ортасын қалыптастыруға ерекше мән беріледі. Құрылыс саласын дамыту тұрғындар үшін қолайлы жағдай жасауға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және қаланың әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді.
Алдағы кезеңде тұрғын үй құрылысы, жолдарды дамыту, инженерлік желілерді жаңғырту және әлеуметтік нысандарды салу мәселелері маңызды бағыттардың қатарында. Бұл жұмыстардың сапалы әрі уақытылы орындалуы қала тұрғындарының тұрмыс сапасын жақсартуға ықпал етеді.
Сонымен қатар құрылыс барысында қауіпсіздік талаптарын сақтау, заманауи технологияларды қолдану және бөлінген қаражаттың тиімді жұмсалуын қамтамасыз ету маңызды.
Жалпыхалықтық ауқымды құрылыс жылы – Алатау қаласының дамуына серпін беріп, тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыруға бағытталған маңызды бастама. Сапалы құрылыс пен заманауи инфрақұрылым – қаланың жарқын болашағының негізі.
Риза САУРБАЕВА
Алатау қаласы

