Перейти к содержимому
Басты бет / Заң және тәртіп / Заңға құрмет – қоғам тұрақтылығының негізі

Заңға құрмет – қоғам тұрақтылығының негізі

91 қаралым

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде заңға құрметпен қараудың маңызын атап өтіп, заң мен тәртіп қағидаттарын қоғам өмірінің ажырамас бөлігіне айналдыру қажеттігін жеткізді. Заңды құрметтеу – әрбір азаматтың құқықтық мәдениетін, жауапкершілігін және ел болашағына деген жанашырлығын көрсететін маңызды қасиет.
Заң мен тәртіп – өркениетті қоғамның басты тірегі. Әрбір азамат заң талаптарын сақтап, өз құқығымен қатар өзгенің де құқығын құрметтеген жағдайда қоғамда өзара сенім мен тұрақтылық қалыптасады. Бұл қағидат қоғамдық қауіпсіздікті нығайтуға, құқықбұзушылықтың алдын алуға және азаматтардың жауапкершілігін арттыруға ықпал етеді.
Алматы облысының Алатау қаласында да заңға құрметпен қарау, қоғамдық тәртіпті сақтау және құқықтық мәдениетті қалыптастыру мәселелері маңызды орын алады. Қаланың дамуы мен тұрғындардың әл-ауқатын арттыру тек инфрақұрылымның жаңаруымен ғана емес, сонымен қатар әр азаматтың заң алдындағы жауапкершілігімен де тығыз байланысты.
Заңды сақтау күнделікті өмірдегі қарапайым әрекеттерден басталады. Қоғамдық орындарда тәртіп сақтау, жол қозғалысы ережелерін орындау, қоршаған ортаны қорғау, мемлекеттік мүлікке ұқыпты қарау және басқа адамдардың құқықтарын құрметтеу – жауапты азаматтың басты міндеттері.
Әсіресе, өскелең ұрпаққа заңды құрметтеудің маңызын түсіндіру ерекше мәнге ие. Отбасында, білім беру ұйымдарында және қоғамда құқықтық тәрбиеге көңіл бөлу арқылы әділдік пен жауапкершілікті жоғары қоятын ұрпақ қалыптастыруға болады.
Заңға құрмет – әр азаматтың парызы, ал заң мен тәртіпті сақтау – ортақ жауапкершілік. Әрбір тұрғын осы қағидаттарды ұстанған жағдайда Алатау қаласының қауіпсіз, жайлы әрі өркендеген орта ретінде дамуына өз үлесін қоса алады.
Заң үстемдігі орныққан қоғамда әділдік салтанат құрып, азаматтардың болашаққа деген сенімі нығаяды. Сондықтан заңды құрметтеу – тек талап емес, елдің тұрақты дамуына бағытталған ортақ құндылық.

Толқын ОДАШҚЫЗЫ

Алатау қаласы

↑