Алматы облысының оқушылары Батыс Қазақстан облысында өткен IX республикалық «Іші – алтын, сырты – күміс сөз жақсысы…» шешендік өнер байқауында жүлделі орындарға ие болды.

2026 жылғы 28–29 қазан күндері өткен байқауға Абай атындағы Алматы облыстық мамандандырылған гимназия-интернатының оқушылары қатысып, жоғары нәтиже көрсетті.
Байқау қорытындысы бойынша 8-сынып оқушысы Шалқар Рүстемұлы бас жүлдені иеленсе, 11-сынып оқушысы Айкүнім Әлімғазы ІІ орынға ие болды.
Осылайша, Алматы облысынан қатысқан екі оқушы да жүлдегер атанып, 100 пайыздық нәтижеге қол жеткізді.
Жеңімпаздарды байқауға қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері Әсел Омарбекова мен Жайна Жалмаханова дайындады.
Оқушылардың бұл жетістігі – олардың ізденісі мен ұстаздардың кәсіби еңбегінің нәтижесі. Шешендік өнер арқылы жас ұрпақтың тіл байлығын, сөз саптау мәдениетін және ұлттық мұраға деген құрметін дамыту маңызды.
Алматы облысының білім басқармасы білім алушылардың зияткерлік және шығармашылық әлеуетін дамытуға, дарынды оқушыларды қолдауға бағытталған жұмыстарды жалғастыруда. Республикалық байқаудағы бұл нәтиже өңір оқушыларының білім мен өнер додаларында өз мүмкіндіктерін дәлелдеп келе жатқанын көрсетеді.
«Алатау – Ақпарат»

