Мемлекет басшысының кезекті Жолдауы – еліміздің даму бағытын айқындайтын маңызды құжат. Жолдауда айтылған әрбір тапсырма халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған.
Әсіресе, азаматтарды сапалы әлеуметтік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету – халықтың тұрмыс сапасын арттырудың маңызды шарты екені атап өтілді.
Президент: «Қазақстан ауқымды құрылыс алаңына айналуға тиіс. Мәселе жекелеген жобаларға қатысты болып отырған жоқ. Жалпы, барлық аймақта жаппай құрылысты бастап, жандандыру қажет», – деді.
Бұл пікірді мен толық қолдаймын. Себебі, әлеуметтік инфрақұрылымның дамуы – ел дамуының негізі. Алматы облысында, әсіресе ауылдық жерлерде жаңа мектептер, ауруханалар, мәдениет үйлері мен спорт кешендері салынса, халықтың өмір сүру сапасы артады, жаңа жұмыс орындары ашылады, жастардың туған жерінде қалуына мүмкіндік туады.
Сонымен қатар, облыстардың денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет және спорт салаларындағы қажеттілігін жан-жақты зерттеп, талдауды тез аяқтау туралы тапсырмасы – қаражатты тиімді жұмсауға жол ашады.
Қорыта айтқанда, бұл бастама – еліміздің жарқын болашағы үшін жасалған стратегиялық қадам деп есептеймін.
Гүлзия МАРАТҚЫЗЫ,
Ақтасты орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Ақтасты ауылы
Кеген ауданы

