Перейти к содержимому
Басты бет / Барлық жаңалықтар / Мұғалімге құрмет – болашаққа инвестиция

Мұғалімге құрмет – болашаққа инвестиция

87 қаралым

Білім беру саласының дамуы мен ұстаз мәртебесін көтеру – қоғамның болашағына тікелей әсер ететін маңызды мәселелердің бірі. Мұғалімнің кәсіби еңбегін бағалау, оның құқықтарын қорғау және сапалы білім беруіне қолайлы жағдай жасау білім саласының басты міндеттері қатарында.
Ұстаздың негізгі міндеті – балаға сапалы білім беріп, саналы тәрбие қалыптастыру. Сондықтан мұғалімді артық есептіліктен, қағазбастылықтан және оқу процесіне қатысы жоқ жұмыстардан арылту мәселесі ерекше назар аударуды қажет етеді. Цифрлық технологиялар педагогтің жұмысын жеңілдетіп, білім беру сапасын арттыруға қызмет етуі тиіс. Сонымен қатар мектептегі қауіпсіздік пен өзара құрмет мәдениетін қалыптастыру маңызды. Мұғалімнің абыройын қорғау, оқушының құқығын сақтау және ата-ананың жауапкершілігін арттыру – білім беру үдерісіне қатысушылардың ортақ міндеті.
Білім беру инфрақұрылымын дамыту, заманауи мектептер салу, ғылым мен жасанды интеллект мүмкіндіктерін тиімді пайдалану да өскелең ұрпақтың сапалы білім алуына жол ашады. Алайда кез келген жаңғырудың нәтижесі ең алдымен оқушының білімінен, мұғалімнің кәсіби мүмкіндігінен және мектептегі оқу ортасының сапасынан көрінуі керек.
Мұғалімге құрмет – білімге құрмет. Ал білімге салынған инвестиция – елдің ертеңіне салынған инвестиция. Ең бастысы, білім саласына қатысты бастамалар нақты іске асып, әрбір мектепте ұстаздың еңбегі бағаланып, әрбір баланың сапалы білім алуына мүмкіндік жасалсын.

Сакен Жансаров,
«Әділет» партиясы Іле аудандық филиалы Байкент ауылдық БПҰ төрағасы

↑