⛅
6°C
Қонаев
Жұма, Ақпан 20, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Коалиция құрылды

    19.02.2026
    in Барлық жаңалықтар, Құқық-заң, Референдум, Саясат
    Коалиция құрылды
    0
    SHARES
    1
    VIEWS

    Жамбыл ауданында жаңа Конституцияны қолдайтын коалиция құрылып, өз жұмысына кірісті. Бұл бастама «Әділетті және прогрессивті Қазақстанның халықтық Конституциясы үшін!» атты жалпыұлттық коалиция құру жөніндегі республикалық үндеудің жергілікті жердегі жалғасы саналады. Өңірлік коалицияның Жамбыл ауданындағы бөлімшесінің де негізгі мақсаты – елдегі Конституциялық реформаны қолдау, қоғам өкілдерін ортақ бастама төңірегіне біріктіру және халық арасында түсіндіру жұмысын жүргізу. Аудандық коалиция құрамына азаматтық қоғам белсенділері, қоғамдық ұйымдар, ардагерлер мен аналар кеңесі, жастар ұйымдары және жергілікті басқару органдарының, түрлі саланың өкілдері кірді. Олардың қатарында «АМАNАТ» партиясы аудандық филиалының жетекшісі Ықылас Амалбек, мәслихат төрағасы Мадияр Әмірғалиев пен депутаттар Меруерт Молдашева, Ерік Еркімбайұлы, Алипаша Чумаев, кәсіпкер Армандос Ақылдосұлы, ақсақалдар кеңесінің мүшелері Тәңірберген Қасымберкебаев пен Исмаилжан Иминов, ауданның Құрметті азаматтары, медицина саласының ардагерлері Доғдыркүл Молдахалықова мен Зинаш Күштекова, Сүйінбай Аронұлы әдеби-мемориалдық музейінің меңгерушісі Гүлзат Асқарова, білім бөлімінің өкілдері Сәния Бижұменова мен Райхан Жәнібекова сынды белсенді азаматтар бар.

    Коалиция мүшелері аудан елдімекендерінде Конституциялық реформа бастамасы аясында елдегі конституциялық өзгерістерді түсіндіреді. Жер-жерде қоғамдық пікір алмасу алаңдарын ұйымдастырып, азаматтардың ұсыныс-пікірлерін жинақтайды. Жаңа Ата Заңның жобасына енгізілген өзгерістерді жан-жақты ұғындырып, 15 наурызда болатын жалпыұлттық референдумға тұрғындарды белсенді қатысуға шақырады. Ел бірлігі мен құқықтық мемлекетті нығайтуға бағытталған әртүрлі іс-шаралар өткізу жоспарланған. Аудандық коалиция штабы үгіт-насихат және түсіндіру жұмыстары үшін арнайы дайындалған әдістемелік материалдармен қамтамасыз етілді.

    Серік САТЫБАЛДИЕВ,

    Жамбыл ауданы

    Ұсынымдар

    Су – тіршілік көзі, бірақ…

    Су – тіршілік көзі, бірақ…

    6 months ago
    Ассамблеяның мерейлі жылы:  жаңа жобалар мен тың бастамалардың тоғысы

    Ассамблеяның мерейлі жылы: жаңа жобалар мен тың бастамалардың тоғысы

    3 months ago
    Дауыс беру күні Алматы облысында қоғамдық көлік жолаушыларды тегін тасымалдайды

    Дауыс беру күні Алматы облысында қоғамдық көлік жолаушыларды тегін тасымалдайды

    3 years ago
    Майдандағы медбике

    Майдандағы медбике

    10 months ago
    Қырағы жандар құрметке лайық

    Қырағы жандар құрметке лайық

    3 weeks ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>