«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясының мүшелері Талғар қаласындағы Талғар агробизнес және менеджмент колледжінің ұжымы мен студенттерімен кездесу өткізді.
Кездесуде 15 наурызға белгіленген республикалық референдумға шығарылған жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттары талқыланды. Коалиция өкілдері Президенттің бір реттік жеті жылдық мерзімі, Құрылтайды пропорционалды сайлау жүйесі арқылы қалыптастыру және Конституциялық Соттың мәртебесін күшейту мәселелеріне тоқталды.
Коалиция мүшесі С.Думчибаев жастардың саяси белсенділігіне ерекше назар аударды.
«Жаңа Конституция – жастардың болашағына қатысты құжат. Мұнда биліктің теңгерімі, заң үстемдігі және азаматтардың құқықтары нақты бекітіледі. Референдум – әр студенттің елдің даму бағытын айқындауға тікелей қатысу мүмкіндігі», – деді ол.
Студенттер өз сұрақтарын қойып, пікір алмасты.




