-13 °c
Qonaev
Friday, May 16, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Кәсіпкерлік қарқын алды

    30.01.2025
    in Барлық жаңалықтар
    Кәсіпкерлік қарқын алды
    0
    SHARES
    5
    VIEWS

          Қонаев қаласында өткен баспасөз мәжілісінде Талғар ауданы­ның әкімі Таңат Айдарбеков өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы жайлы сөз қозғады.

    – Ауданда өнеркәсіп саласында жұмыс істеп тұрған 25 ірі және орта, 1540 шағын кәсіпорында 13 мыңнан астам адам еңбек етеді. Өңірдің табиғи-климаттық жағдайы мен орналасуы экономиканың туристік секторын дамытуға кеңінен мүмкіндік береді. Алатау ауылдық округінде «Almalyk» демалыс аймағы мен Панфилов ауылдық округінде «Royal 101» көпфункционалды кешені ашылды. Аудан экономикасын дамытудың тағы бір көрсеткіштерінің бірі – шағын және орта бизнес саласы. 22 мың 482 шағын және орта бизнес субъектісі тұрғындардың 30 пайызын жұмыспен қамтып отыр. Бұл саладағы кәсіпорындар санының артуымен қатар өндірілетін өнім көлемі де ұлғайып келеді. Бүгінде көрсеткіш 358,1 млрд теңгені құрап, бюджетке 30,4 млрд теңге қаражат түскен.
    Ауданның агроөндірістік кешенінде 1,9 мың ауыл шаруашылығы құрылымы тіркелген. Облыстық құрылыс басқармасы тарапынан 1,3 млрд теңгеге 3 суару арнасы қайта қалпына келтірілді. Айтуар каналына механикалық тазалау жұмысы жүргізілді. 7,1 га алқапты құрайтын 13 жылыжай шаруашылығы 686 тонна өнім жинады. «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында 165 жоба қаржыландырылып, 40 адам жұмыс орнымен қамтамасыз етілді. 110 жоба қаржыландыруды күтуде. 11 ауыл шаруашылығы кооперативі құрылды, – деген аудан басшысы инвестиция тарту, құрылыс, газдандыру, ауызсумен қамту жайына кеңінен тоқталды.
    Әрі қарай сөзін сабақтаған Таңат Есенкелдіұлы Талғар қаласындағы Әуезов шағынауданының электр желілеріне күрделі жөндеу жұмысы жүргізіліп, 4 трансформаторлық қосалқы станса орнатылғанын, биыл Кеңдала ауылының электр беру желілерін салуға 200 млн теңге қарастырылғанын тілге тиек етті. Сонымен қатар былтыр аудан жолдарының 26 шақырымына орташа, 37,2 шақырымына ағымдағы жөндеу жұмысы жүргізілгенін, 22 жарықтандырылған жаяу жүргіншілер өткелі, 40 аялдама, 3 бағдаршам іске қосылғанын жеткізді. 11 ауданішілік автобус бағыты бар екенін, «Алем Пэй» электрондық билет жүйесі енгізілгенін, былтыр жолаушы тасымалдайтын «Тұлпар экспресс» ЖШС мердігер мекемесі жаңадан 8 автобус алғанын, тұрғындардың сұрауымен және Алматы қаласының қалалық мобильдік басқармасының қолдауымен Алматы қаласынан Талғар ауданы аумағына жаңадан 7 автобус бағыты ашылғанын хабардар етті.
    Баяндамашының айтуынша, 2023-2024 оқу жылының қорытындысында білім сапасы 68 пайызды құраған. Ауданда үшауысымда білім беретін 6 мектеп бар. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 7 білім ошағы­ның құрылысы жүргізілуде. 20 елдімекен, 13 саяжай, жаңадан бой көтерген 27 ықшамауданнан 7444 оқушы тасымалданып, оқытылуда. Жаңалық ауылындағы №37 орта мектептің бастауыш сыныптарға арналған ғимаратының және Талғар қаласындағы № 9 орта мектептің күрделі жөндеу жұмысы аяқталған. Аудан тұрғындарына 1 орталық, 2 ауылдық аурухана, 13 дәрігерлік амбулатория, 7 фельдшерлік-акушерлік пункт, 7 медициналық пункт және жекеменшік нысанындағы денсаулық сақтау ұйымы, 18 мәдениет ошағы, 243 спорттық нысан халыққа қалтқысыз қызмет етуде.
    Таңат Айдарбеков сөз соңында алдағы уақытта ауданға инвестиция тарту, салық базасын ұлғайту, жаңа жұмыс орындарын ашу, аудан тұрғын­дарының тұрмыс-тіршілігін жақсарту бағытындағы жұмыстар жалғаса беретінін айтты.

    Айжарық КӨПТІЛЕУОВ

    Ұсынымдар

    Жиырма жылдық белес

    Жиырма жылдық белес

    2 months ago
    Алматы облысында экологиялық проблемаларды шешудің Жол картасы бекітілді

    Алматы облысында экологиялық проблемаларды шешудің Жол картасы бекітілді

    2 years ago
    Облыста ауыл шаруашылығы техникасының жартысынан көбі тозған – Басқарма

    Облыста ауыл шаруашылығы техникасының жартысынан көбі тозған – Басқарма

    2 years ago
    Үшжақты келісім

    Үшжақты келісім

    4 months ago
    Димекеңнің Дегересі

    Димекеңнің Дегересі

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.