⛅
-0°C
Қонаев
Жексенбі, Ақпан 22, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Виртуалды əлем

    жастарға қалай әсер етуде?

    21.02.2026
    in Барлық жаңалықтар
    Виртуалды əлем
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    Бүгінде интернет арқылы ақпарат алу, жаңа таныстық орнату, түрлі нəрселерді үйрену оңай. Бұл – заман талабына сай үлкен мүмкіндік. Əлеуметтік желі арқылы білім алады, достар табады, өз өнерін көрсетеді. Сонымен қатар түрлі байқауларға қатысып, өз қабілетін дамытып жүргендер де көп. Алайда виртуалды əлемнің пайдасымен бірге, жастарға тигізетін кері əсері де көбейіп келеді. Сондықтан қоғамда «Виртуалды əлем шынайы өмірден қашу ма?» деген сұрақ жиі қойылады.

    Әлеуметтік желілерге тым көп уақыт бөлу шынайы өмірге кері əсерін тигізеді. Кейбір жастар кітап оқудан, тірі қарым-қатынастан алыстап, бар уақытын телефонға жұмсайды. Нəтижесінде бетпе-бет сөйлесу, өз ойын еркін айту қиындай түсуде. Кейбір жастар үшін шынайы ортада сөйлеу қорқыныш тудырып, ал виртуалды кеңістікте өзін еркін сезіну қалыпты жағдайға ұласты. Осылай виртуалды əлем кейбір адамдар үшін шынайы өмірден қашудың бір жолына айналуда.
    Əлеуметтік желілердегі тағы бір мəселе – жалған ақпарат пен мінсіз өмірді көрсету. Көптеген блогер өз парақшаларында тек əдемі сəттерін бөліседі. Жастар əлеуметтік желідегі өмірді өз өмірімен салыстырып, оның соңы өзіне көңілі толмауға алып келуде. «Хабар» телеарнасының парақшасында мынадай ақпарат жарияланыпты: «Балалар мен жасөспірімдерде ең көп кездесетіні – көз аурулары, мүсіннің бұзылуы, сколиоз, тыныс алу жүйесінің аурулары. Сонымен қатар тірек-қимыл жүйесіне байланысты сырқаттар да жиі кездеседі».
    Қазіргі заманда əлеуметтік желілерден толықтай бас тарту да дұрыс шешім емес. Себебі білім мен ақпараттың көп бөлігі интернет арқылы таралады. Онлайн сабақтар, пайдалы видеолар адамға өзін дамытуға көмектеседі. Білім алу – бүгінгі күннің басты талабы, ал виртуалды əлем бұл жолда үлкен мүмкіндік береді. Ең маңыздысы – виртуалды əлемді дұрыс пайдалану. Əр адам өз уақытына бақылау жасап, əлеуметтік желіні тек пайдасы үшін қолдануы керек. Демалысқа уақыт бөліп, шынайы өмірдегі достармен араласуды ұмытпау маңызды. Виртуалды əлем шынайы өмірдің орнын баспауы тиіс, ол тек көмекші құрал болуы керек.
    Виртуалды əлем – шынайы өмірден қашу емес. Бірақ оны шектен тыс пайдалану адамды нақты өмірден алыстатуы мүмкін. Егер виртуалды кеңістік білім алуға, дамуға қызмет етпей, өмірдің басты бөлігіне айналса, онда қауіп төндіреді. Сондықтан виртуалды жəне шынайы өмір арасындағы тепе-теңдікті сақтау маңызды.

    Жанбота ҚАДЫРМОЛДАНОВА,
    №3 Қарғалы орта мектебінің
    11-сынып оқушысы
    Жамбыл ауданы

    Ұсынымдар

    Елімізде көктемгі әскерге шақыру басталды

    Елімізде көктемгі әскерге шақыру басталды

    3 years ago
    Татулық – тұрақтылық негізі

    Татулық – тұрақтылық негізі

    1 year ago
    Алматы облысында эпидемиологиялық ахуал тұрақты

    Алматы облысында эпидемиологиялық ахуал тұрақты

    12 months ago
    45 күн қалды: Көшпенділер ойындарында Делегация орналасатын қонақ үйлер жұмысымен таныстырды

    45 күн қалды: Көшпенділер ойындарында Делегация орналасатын қонақ үйлер жұмысымен таныстырды

    2 years ago
    ЕРМЕКСАЗДАН БАСТАЛҒАН ЕҢБЕК

    ЕРМЕКСАЗДАН БАСТАЛҒАН ЕҢБЕК

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>