Перейти к содержимому
Басты бет / Барлық жаңалықтар / КОАЛИЦИЯ МҮШЕЛЕРІ ДӘРІГЕРЛЕРМЕН ДИДАРЛАСТЫ

КОАЛИЦИЯ МҮШЕЛЕРІ ДӘРІГЕРЛЕРМЕН ДИДАРЛАСТЫ

96 қаралым

​«Әділетті және прогрессивті Қазақстанның халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясының мүшелері Ұзынағаш ауылындағы Жамбыл аудандық көпбейінді  орталық ауруханадамедицина қызметкерлерімен жүздесті.

​Кездесуде коалиция өкілдері аталған орталық аурухана ұжымымен жаңа Конституция жобасының құқықтық жаңашылдықтарын талқылады. Коалиция мүшелері жаңа Конституция жобасының 21-бабында азаматтардың жеке өмірге қол сұғылмау құқығы, жеке және отбасы құпиясы, сондай-ақ цифрлық технологияларды қолдануды қоса алғанда, дербес деректерді заңсыз жинаудан және пайдаланудан қорғау кепілдігі бекітілетінін атап өтті.

​«Цифрлық дәуірде азаматтардың дербес деректерін қорғау – аса маңызды мәселе. Жаңа Конституция бұл норманы Негізгі заң деңгейінде бекітіп отыр. Бұл медициналық ақпараттың, пациент құпиясының және жеке мәліметтердің қорғалуын күшейтеді», – деді коалиция мүшесі Гүлзат Асқарова.

​Кездесу барысында аудандық көпбейінді  орталық аурухананың медицина қызметкерлері цифрлық қауіпсіздік пен құқықтық кепілдіктер жөнінде коалиция мүшелерімен пікір алмасты.

Серік САТЫБАЛДИЕВ

                                                                                  Жамбыл ауданы

↑