Перейти к содержимому

Қонаев қаласы әкімінің орынбасары тағайындалды

Қонаев қаласы әкімінің өкімімен Ақмурзаев Тимур Байболсынұлы қала әкімінің орынбасары болып тағайындалды.

Тимур Байболсынұлы 1986 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Жоғары білімді, жер кадастры және жылжымайтын мүлікті бағалау, сондай-ақ құқықтану мамандықтары бойынша білім алған.

Еңбек жолын Талдықорған қаласының жер қатынастары саласында бастаған. Сонымен қатар, ҚР Сауда және интеграция министрлігі жүйесінде, Алматы облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасында жұмыс істеген.

Тағайындалғанға дейін Қонаев қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы қызметін атқарды.