Перейти к содержимому
Басты бет / Барлық жаңалықтар / Қонаев әкімі MIG Capital Group компаниясымен меморандумға қол қойды

Қонаев әкімі MIG Capital Group компаниясымен меморандумға қол қойды

79 қаралым

Қонаев қаласының әкімі Асхат Бердіханов MIG Capital Group компаниясының бас директоры Индира Маниновамен кездесті. Кездесуде спорт инфрақұрылымын дамыту және MIG SPORT DISTRICT / SPORT ACADEMY KAZAKHSTAN инвестициялық жобасын іске асыру талқыланды.

Жиында тараптар өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Құжатта спорт инфрақұрылымын дамытуға, спортшыларды даярлауға және инвестжоба жүзеге асыру бойынша ынтымақтастықтың негізгі бағыттары айқындалған.

MIG SPORT DISTRICT / SPORT ACADEMY KAZAKHSTAN – спорт аренасын, жаттығу аймағын, спортшыларды даярлау академиясын, сондай-ақ оқу-жаттығу мен жарыстарды ұйымдастыруға қажетті инфрақұрылымды біріктіретін көпфункционалды спорт кешенін құру бастамасы.

Аталған инвестжоба олимпиадалық спорт түрлерін, соның ішінде гандбол мен дзюдоны дамытуға ерекше мән береді. Жоба аясында спорт федерацияларының, жаттықтырушылардың, спортшылардың, жастар командаларының және бейінді ұйымдардың өзара іс-қимылына мүмкіндік беретін орта қалыптастыру көзделген.

Сонымен қатар балалар мен жасөспірімдер спортының және бұқаралық спорттың мүмкіндіктерін кеңейтуге, спорт резервін даярлау сапасын арттыруға, сондай-ақ түрлі деңгейдегі оқу-жаттығу жиындары мен спорттық іс-шараларды өткізуге қолайлы жағдай жасау көзделген.

Меморандумда инвестициялық бастаманың негізгі параметрлері де көрсетілген. Жобаның инвестиция көлемі 10 млрд теңгеден асады. Қаржыландыру инвестордың қаражаты және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен жүзеге асырылады деп жоспарланып отыр.

Қонаев қаласы

↑