Перейти к содержимому
Главная страница » Қонаев қаласында тіл мәдениеті мен көрнекі ақпарат сапасына мән берілуде

Қонаев қаласында тіл мәдениеті мен көрнекі ақпарат сапасына мән берілуде

Мемлекеттік тіл — ел бірлігінің, ұлттық болмыстың негізгі тірегі. Осы бағытта Қонаев қаласында тіл мәдениетін дамытуға және көрнекі ақпараттардың сауатты рәсімделуіне ерекше назар аударылып келеді. Қала аумағындағы жарнамалар, маңдайшалар мен ақпараттық жазбалардың талапқа сай болуы — тұрғындарға көрсетілетін құрметтің де белгісі.

Осы мақсатта мобильдік топ құрылып, қала аумағындағы нысандарда түсіндіру және зерделеу жұмыстары жүргізілді. Кәсіпкерлік нысандарды аралау барысында көрнекі ақпараттардағы бірқатар кемшіліктер анықталып, ҚР тіл туралы заң талаптары түсіндірілді. Нәтижесінде көптеген кәсіпкерлер жіберілген қателіктерін қысқа мерзім ішінде түзетіп, маңдайшаларын талапқа сай жаңартты. Бұл — қоғамдағы тілге деген жауапкершіліктің артып келе жатқанын көрсететін оң өзгеріс.

Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде қала келбеті де, тіл мәдениеті де жақсара түсті. Мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту — тек мамандардың ғана емес, әрбір азаматтың ортақ міндеті. Осы бағыттағы жүйелі жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады.

Д.Қоспаева,

Алматы облыстық халықаралық “Қазақ тілі” қоғамының мүшесі, тіл жанашыры