⛅
-9°C
Қонаев
Дүйсенбі, Наурыз 2, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    Мейірім мерекесі

    01.03.2026
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар, Идеология, Мәдениет
    Мейірім мерекесі
    0
    SHARES
    15
    VIEWS

    Қонаев қалалық Мәдениет үйінде Алғыс айту күніне арналған салтанатты жиын өтті. Алматы облыстық Сүйінбай атындағы филармониясының «Алтынай» мемлекеттік халық би ансамблі «Халықтар достығы» сюитасымен шымылдық түрген мерекелік шарада алғашқы сөз облыс әкімінің орынбасары Ғани Майлыбаевқа берілді.

    – Алғыс айту күні – бұл мейірімнің, өзара құрмет пен жанашырлықтың, кеңпейілділік пен бауырмалдықтың мерекесі. Біздің өңір – бірлік пен берекенің, ынтымақ пен ырыстың мекені. Осында өмір сүріп жатқан әрбір азамат – еліміздің өсіп-өркендеуіне үлес қосып жүрген еңбекқор жандар. Қоғамдық белсенділігі мен азаматтық жауапкершілігі және бір-біріне деген қамқорлығы үшін баршаңызға шынайы алғысымды білдіремін. Қазақстан халқы Ассамблеясы – бірлік пен ынтымақтың, тұрақтылық пен келісімнің негізгі институттарының бірі. Сіздер қоғамдағы өзара сенім мен түсіністікті нығайтуға, этносаралық және конфессияаралық келісімді үйлестіруге зор үлес қосып келесіздер. Барлықтарыңызға мәлім, 2025 жылы Ассамблеяның 30 жылдығы аясында өңірімізде біршама ауқымды жұмыс атқарылды. Еңбекшіқазақ, Ұйғыр аудандарында Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылуы өңіріміздегі қоғамдық келісімді одан әрі нығайтудың маңызды қадамы болды. 110 мыңнан астам адамды қамтыған 915 іс-шара ұйымдастырылды. Бұл – бірлікті бекемдеуге бағытталған ауқымды әрі мазмұнды жұмыстардың айғағы, – деген облыс әкімінің орынбасары 15 наурызда өткізілетін референдумды еліміздің саяси дамуындағы маңызды кезең екенін атап өтті. Сонымен бірге Ата Заңның мемлекет пен азамат арасындағы жауапкершілік пен сенімге негізделген қоғамдық келісімнің көрінісі саналатынын айтты. Референдумның ел өміріндегі маңызды мәселелерді бүкіл халық болып талқылап, тікелей дауыс беру арқылы шешудің демократиялық жолы екеніне баршаның назарын аударды.

    Сахна төрінде Ғани Айдарұлы еліміздің, өркендеуіне, этносаралық татулықты нығайтуға қосқан еселі еңбегі үшін бірқатар азаматты марапаттады. Одан кейін сөз алған «АМАNАТ» партиясы облыстық филиалының атқарушы хатшысы Серік Нұрқадыров жиналған қауымды мерекемен құттықтап, тәуелсіздік жылдарында халқымыздың бірлігі нығайып, татулық пен келісімнің бірегей үлгісі қалыптасқанын, ынтымақтастық пен өзара қолдау сынды берік құндылықтар ел ертеңіне деген сенімді бекемдеп, әр азаматтың жүрегінде жауапкершілік сезімін орнықтыратынын тілге тиек етті. Сонымен қатар референдумға ұсынылатын жана Конституцияның 6-бабының 2-тармағында қазақстандық патриотизм мемлекеттің түбегейлі қағидаттарының бірі ретінде айқындалғанын, мұның патриотизмнің жай ғана сезім емес, мемлекет дамуының стратегиялық бағдарын білдіретінін қаперге салды.

    Келесі кезекте Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, қоғам қайраткері, филология ғылымдарының кандидаты, профессор Асылы Осман сөз алып, алғыс деген қайырымдылық, жақсылық жасағанға, мейрімділік көрсетіп, жығылғанды тұрғызғанға көрсететін ықылас ниет екенін айта келе, жер аударылып келген этнос өкілдеріне көрсеткен қамқорлығы үшін қазақ халқына алғысы шексіз екенін жеткізді. Сонымен бірге енді 15 күннен кейін өтетін референдумға барша халықты белсене қатысуға шақырды.

    Өз кезегінде мінбеге көтерілген «Ассамблея жастары» республикалық қоғамдық бірлестігі Алматы облысы Қарасай аудандық өкілдігінің төрағасы Ясми Мчелидзеге бүгінгі күнгі татулық пен бірліктің, өзара құрметтің қаншалықты маңызды екенін терең түсінуіміз керектігі айтып, бейбітшілік пен келісімнің мекені болған еліміздегі тұрақтылық пен тыныш өмір үшін ризашылығық білдірді.

    – Референдум – әр азаматтың ел болашағына бей-жай қарамай, өз таңдауын жасауына жол ашатын демократиялық қадам. Оның маңыздылығы – халық пікірінің тікелей ескерілуінде. Әрбір дауыс – елдің ертеңіне қосылған үлес. Сондықтан біз саналы, жауапты азамат ретінде қоғамдағы өзгерістерге белсенді қатысуымыз керек. Бірлік бар жерде – тірлік бар. Ризашылық таныта алатын, ел болашағына жауапкершілікпен қарайтын ұрпақ қана мықты мемлекет құрады, – деп сөзін аяқтады Ясми Мұстафақызы.

    Облыс көлеміндегі ынтымағы жарасқан этнос өкілдерінің қазақ халқы мемлекетіміздің өздеріне деген қамқорлығы мен қолдауына шынайы ризашылық білдірген салтанатты жиын соңы Сүйінбай атындағы облыстық филармонияның мерекелік концерттік бағдарламасына ұласты.

    Айжарық КӨПТІЛЕУОВ

    Қонаев қаласы 

    Ұсынымдар

    Қожеке Назарұлының 200 жылдығына арналған күйшілер байқауы мәресіне жетті

    Қожеке Назарұлының 200 жылдығына арналған күйшілер байқауы мәресіне жетті

    3 years ago
    Бір шаңырақ астында

    Бір шаңырақ астында

    1 year ago
    Гүлзар жаңартылды

    Гүлзар жаңартылды

    4 months ago
    Экологиялық акция жалғасын тапты

    Экологиялық акция жалғасын тапты

    2 years ago
    Жол апаты  азаймай тұр

    Жол апаты азаймай тұр

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>