⚠️ Ауа райы табылмады.
Бейсенбі, Сәуір 30, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    АБАЙ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ТҮЛЕКТЕРГЕ АРНАЛҒАН «БОС ОРЫНДАР ЖӘРМЕҢКЕСІ – 2026» ӨТТІ

    30.04.2026
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар
    АБАЙ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ТҮЛЕКТЕРГЕ АРНАЛҒАН «БОС ОРЫНДАР ЖӘРМЕҢКЕСІ – 2026» ӨТТІ
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    Бүгін Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде «Бос орындар жәрмеңкесі – 2026» атты ауқымды іс-шара жоғары деңгейде өтті. Аталған жәрмеңкеге еліміздің түкпір-түкпірінен келген 250-ге жуық орта білім беру мекемелері, оның ішінде мектептер, колледждер, балабақшалар мен жекеменшік мектептер, сондай-ақ екінші деңгейлі банктер, жеке кәсіпкерлік субъектілері және өндірістік кәсіпорындар өкілдері қатысып, университеттің бітіруші түлектеріне 1000-нан аса бос жұмыс орнын ұсынды.

    Іс-шараның мақсаты – бітіруші түлектерді еңбек нарығымен тікелей байланыстыру, жұмыс берушілер мен жас мамандар арасында тиімді әріптестік орнату, сондай-ақ кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүйелі түрде дамыту болды.

    Жәрмеңкенің ашылуында университеттің Академиялық қызмет жөніндегі проректоры Бану Нарбекова құттықтау сөз сөйлеп, шараның маңыздылығына ерекше тоқталды.

    Бүгінгі «Бос орындар жәрмеңкесі – 2026» – университетіміздің еңбек нарығымен тығыз ықпалдастығын айқындайтын маңызды стратегиялық алаң. Қазіргі таңда университет 250-ден астам жұмыс беруші мекемемен тұрақты әріптестік орнатып отыр. Соның нәтижесінде соңғы оқу жылында түлектерді жұмысқа орналастыру көрсеткіші 95 пайызға жетті. Бұл – сапалы білім мен тәжірибеге негізделген даярлықтың нақты жемісі, – деді проректор.

    Сонымен қатар ол мұндай бастамалар студенттердің кәсіби қалыптасуына тікелей ықпал ететінін атап өтіп:

    Біздің мақсат – түлектерге тек диплом беру емес, олардың еңбек нарығында өз орнын табуына нақты жағдай жасау. Бүгінгі жәрмеңке – сол жүйелі жұмыстың заңды жалғасы, – деді.

    Сонымен қатар, жәрмеңке аясында университет түлектерін жұмыспен қамтуға бағытталған mansap-bosoryn.kz цифрлық платформасының мүмкіндіктері кеңінен таныстырылды. Аталған платформада жұмыс берушілер ұсынған бос жұмыс орындары жарияланып, бітіруші түлектер сол арқылы тікелей өтінім бере алады. Жіберілген өтінімдер бірден жұмыс берушінің электронды поштасына және WhatsApp байланыс нөміріне жолданып, жұмысқа орналасу үдерісін жеделдетіп, ашық әрі тиімді форматта ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

    Іс-шара барысында жұмыс берушілер өз ұйымдарының қызмет бағыттарын таныстырып, ұсынылып отырған бос жұмыс орындары туралы жан-жақты ақпарат берді. Сонымен қатар, жас мамандар мен мекеме өкілдері арасында тікелей байланыс орнап, ашық форматта пікір алмасу алаңы қалыптасты. Бұл өз кезегінде түлектердің кәсіби бағдарын айқындап, еңбек нарығына сенімді қадам жасауына жол ашты.

    Айта кету керек, «Бос орындар жәрмеңкесі – 2026» іс-шарасы университеттің «Мансап» орталығының ұйымдастыруымен жүзеге асырылып, білім мен өндіріс арасындағы байланысты нығайтуға, сондай-ақ жас мамандардың жұмыспен қамтылуына бағытталған маңызды бастамалардың бірі ретінде ерекшеленді.

    Іс-шара соңында жәрмеңкеге қатысқан барлық мекеме өкілдеріне университеттің Басқарма ТөрағасыРекторы Болат Тілеп атынан Алғыс хаттар табысталып, өзара әріптестікті дамытуға қосқан үлестері үшін ризашылық білдірілді.

    Соңғы жаңалықтар

    АБАЙ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ТҮЛЕКТЕРГЕ АРНАЛҒАН «БОС ОРЫНДАР ЖӘРМЕҢКЕСІ – 2026» ӨТТІ
    30.04.2026
    Марат Сұлтанғазиев: тәртіп бар жерде тазалық та бар
    30.04.2026
    Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
    30.04.2026
    Жүгіру біріктіргенде
    30.04.2026
    Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
    30.04.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>