☀️
23°C
Қонаев
Бейсенбі, Сәуір 30, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    Тіл саясатының тиімді бағыттары қандай?

    30.04.2026
    in Барлық жаңалықтар, Мемлекеттік тіл
    Тіл саясатының тиімді бағыттары қандай?
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    Елімізде тіл саясаты Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Тіл туралы Заңы мен Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы аясында жүргізіледі. Тұжырымдамаға сәйкес, мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру, қолданыс аясын кеңейту, мемлекеттік тілді меңгерген халықтың үлесін арттыру, көрнекі ақпараттар мен жарнамаларды Тіл туралы Заң талаптарына сәйкестендіру, қазақ тілін ғылым тілі ретінде дамыту, тілді цифрландыру, қазақ тіліндегі контенттің үлесін арттыру, қазақ тілін оқыту Алматы облыстық тілдерді дамыту басқармасының негізгі функционалдық бағыттары болып саналады.

    Тағы бір айтатын басты дүние – тіл саясатын іске асырудағы заңнамалық жұмысты жетілдіру мақсатында нормативтік-құқықтық актілерге тиісті толықтырулар енгізіліп, жергілікті атқарушы органдарға тілдерді дамыту саласы бойынша қосымша функциялар жүктелді. Атап айтқанда, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бизнес жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына сәйкес басқармаға мемлекеттік мекемелерде тіл туралы заңнаманың орындалуына тексеру жүргізу құзыреті берілді.
    Қазақстан Республикасының Тіл туралы Заңының 25-2-бабы­ның
    ­2) тармақ­шасына сәйкес 2026 жылдың І жартыжылдығында 3 департамент, 7 мемлекеттік мекемеге мерзімді тексеру жоспарланды. І тоқсанда Алматы облысының табиғи ресурс­тар және табиғатты пайдалануды реттеу, эконо­мика және бюджеттік жоспар­лау, мемлекеттік сатып алу, денсаулық сақтау басқармаларына, барлығы 4 мемлекеттік мекемеге жоспарлы тексеру жүргізілді. Тексеру бары­сында анықталған кемші­­ліктер түзетіліп, іс-қағаздарын сауатты жүргізу, мемлекеттік тілдегі платформаларды қолдану жөнінде әдістемелік көмек көрсетілді. Басқар­ма тара­пынан жыл сайын облыс тұрғын­дарының мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін анықтау мақ­сатында әлеуметтану бағытында зерт­теу­лер жүргізіліп отырады. Зерт­теуді облыстағы ақпараттық талдау орталығы және зерттеу орталықтары жүргізеді.
    Былтыр жүргізілген зерттеудің қорытындысы бойынша облыста мемлекеттік тілді меңгерген тұрғын­дардың үлесі 92,7 пайызды құрады. Оның ішінде, Балқаш ауданы – 99,0, Еңбекшіқазақ ауданы – 82,5, Жамбыл ауданы – 96,0, Іле ауданы – 81,0, Қарасай ауданы – 89,0, Кеген ауданы – 99,5, Райымбек ауданы – 99,5, Талғар ауданы – 87,0, Ұйғыр ауданы – 89,0, Алатау қаласы – 85,0, Қонаев қаласы 85,0 пайызды көрсетті. Бұл көрсеткіш 2023 жылы – 90, 2024 жылы 90,5 болған.
    Қызмет көрсету саласында мемлекет­тік тілдің заңға сәйкес қолданылуы – басқарманың тұрақты бақылауындағы мәселе. Бірақ заңға сәйкес, бұл мәселені жергілікті атқарушы органдар өздері тікелей шеше алмайды, қоғамдық ұйымдар, халық көмектесуі керек. Бұл мәселе бойынша кез келген азамат тіл туралы заң талаптарының бұзылғандығын анықтаса, басқармаға өтініш білдіре алады. Келіп түскен өтініштің негізінде басқарма кәсіп­керлік иелерін шақырып, ҚР Тіл туралы Заңын, ҚР Әкімшілік құқық­бұзушылық туралы кодекстің 75-бабына сәйкес әкімшілік іс қозғай алады. Бұл бағыттағы жұмыстар жоспарлы түрде жүргізіліп келеді.
    Облыс тұрғындары үшін ересектерге қазақ тілін тегін әрі қол­жетімді түрде үйрететін ресми мекеме – «Алматы облысының «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы» КММ. Бүгінде орталықтың бір облыстық, бір қалалық, тоғыз аудандық және бір ауылдық округтік филиалы жұмыс атқаруда. Аталған орталықтың басты мақсаты – мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, қазақ тілін оқыту курстарын ұйымдастыру және әдістемелік қолдау көрсету. Бұл курстар тыңдаушыларға қазақ тілін қарапайым, базалық, орта, ортадан жоғары деңгейде меңгеруге мүмкіндік береді. Нәтижесінде олар күнделікті өмірде еркінірек сөйлеп, қарапайым қарым-қатынас жасай алады, негізгі грамматиканы игереді. Сонымен қатар тіл білу көптеген тұрғындар үшін жұмысқа орналасуда маңызды артықшылыққа айналып отыр.
    Қазақ тілін оқытуда қазіргі таңда заманауи әдістемелер кеңі­нен қол­­­данылады. Атап айтқанда, коммуникативті әдіс арқылы тыңдау­шылар тілдік ортада сөйлесіп, тыңдау, диалог құру дағдыларын дамытады. Сонымен қатар тілдік ойындар мен интерактивті тапсырмалар сөздік қорды байытып, оқуға деген қызығушылықты арттырады. Оқу үдерісінде цифрлы технологиялар да тиімді пайдаланылып, QR-код арқылы тыңдалым материалдары, чат-боттар мен онлайн платформалар сабақтың сапасын көтеруге мүмкіндік береді. «Алатау» оқу-әдістемелік кешені сияқты арнайы жасалған оқу құралдары арқылы A1 (қазақша басынан бастаушыларға) және A2 (базалық) деңгейлер қатарында білім беру жүргізіледі. 2026 жылдың I тоқсанына мемлекеттік тілді оқыту кур­сына 1262 тіл үйренуші қабыл­данды. Ағылшын тілін оқыту курсына 374 тіл үйренуші келді. Ал орыс тілі курсына жалпы саны 60 тіл үйренуші тіркелген. Қазіргі кезде этнос өкілдері арасында қазақ тілін үйренуге қызығушылық жоғары. Мемлекеттік тілдің қоғамдағы маңызы артқан сайын, оларға арналған арнайы оқу топтары мен бейімделген бағдарламалар іске асырылуда. Сонымен қатар, тыңдаушыларды қазақ тілінде еркін сөйлеуге тарту және күнделікті қарым-қатынаста тілді белсенді қолдануға дағдыландыру мақсатында «Қазақша сөйлейік!» клубы тұрақты жұмыс жүргізіп келеді.
    Биылғы жыл Цифрландыру және жасанды интеллект жылы болып жариялануына байланысты қазақ тілін цифрландыру мақсатында 2026 жылы бірқатар жаңа жоба қолға алынды. Соның ішінде цифрлық дәуір жағдайында сөз мәдениеті, тіл тазалығының маңызын түсіндіру, интернет кеңістігінде сауатты сөйлеу дағдыларын дамыту мақсатында облыс әкімінің қолдауымен «Сөз құндылығы – цифрлық дәуірде» облыстық жобасы жүзеге асуда. Бұл жоба аясында дәстүрден жасанды интеллектіге дейінгі іс-шаралар кешені қамтылып және арнайы номинациялар бойынша үздіктер анықталуда. Облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқарма тіл саясатын тиімді жүргізу бағытында жұмысын жалғастыра беретін болады.

    Нұрмаман ОҚАС,
    Алматы облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқарманың бөлім басшысы

    Соңғы жаңалықтар

    QOSTANAI TECH Қостанай облысының цифрлық трансформация көшбасшыларының бірі ретіндегі мәртебесін растады
    30.04.2026
    Қазақша әріп таныған
    30.04.2026
    Этнос басылымдары
    30.04.2026
    Тіл саясатының тиімді бағыттары қандай?
    30.04.2026
    Елдік рухты жырлады
    30.04.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>