⚠️ Ауа райы табылмады.
Сәрсенбі, Мамыр 13, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    Алматы облысының оқушылары бір мезетте 360 мыңнан астам ағаш дәнегін екті

    06.05.2026
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар, Экология
    Алматы облысының оқушылары бір мезетте 360 мыңнан астам ағаш дәнегін екті
    0
    SHARES
    13
    VIEWS

    Бүгін Алматы облысында бір мезетте өңірдегі 439 мектепте 360 мыңнан астам оқушы «Болашақты бірге отырғызайық» акциясына қатысып, ағаш дәнегін екті. Шара «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында 2024 жылы бастау алған. Алғашқы жылы 340 мың, өткен жылы 350 мың тұқым себілген. Оның 60%-дан астамы өніп шығып, бүгін мектеп аулаларына отырғызылды.

    Игі шараға облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев те қатысып, Іле ауданындағы №24 лицей оқушыларымен бірге Шренк шыршасы, қайың, арша, жиде, туя (бозаша), қарағаш, Сиверс алмасының дәнектерін екті. Ал өңірдің өзге аудандарындағы оқушылар акцияға онлайн форматта қосылды. Сондай-ақ білім ордасының аумағына жеткіншектер өздері өсіріп, баптаған көшеттерін аймақ басшысымен бірге отырғызды. Марат Елеусізұлы бұл тек көгалдандыру жұмысы емес, жас ұрпақ бойына жанашырлық пен жауапкершілік сезімін дарытатын маңызды жоба екенін айтып, оқушыларға ізгі тілегін арнады.

    «Бұл бастама Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» бағдарламасымен тығыз байланысты және өңірімізде жыл сайын дәстүрлі түрде жүзеге асып келеді. Ағаш дәнегін егу, көшетін отырғызу – қоршаған ортаға қамқорлықтың айқын үлгісі. Бұл жұмыстар еңбекқорлық пен ұқыптылыққа тәрбиелейді. Осындай игі істерге белсенді қатысып, үлгі көрсетіп жүргендеріңіз үшін алғыс білдіремін. Алдағы уақытта да табиғатты аялау өмірлік дағдыларыңызға айналады деп сенемін» – деді аймақ басшысы.

    Шара барысында оқушылар экологиялық бағыттағы ғылыми жобаларын таныстырды. Жас зерттеушілердің бірі күн батареясымен қуатталатын көлік жобасын көрсетті. Енді бірі қалдықты тыңайтқышқа айналдырудың тың әдісін зерттеуге кіріскен. Сонымен қатар су үнемдеу, экологиялық әрі қауіпсіз саябақтар мен бекеттер құру бойынша жұмыстарын таныстырған оқушылар да болды.

    Осылайша, оқушылар бірнеше жыл бойы өздері өсірген көшеттерін мектеп айналасына отырғызып, білім ордасының көркін аша түсті. Сондай-ақ тың жобалары арқылы экологиялық мәселелерге бей-жай қарамайтынын көрсетті. Бұл – өңірдегі мектептер тек білім беріп қана қоймай, оқушылардың бойына экологиялық мәдениет ұғымын терең сіңіріп жатқанының көрінісі. Сондықтан «Болашақты бірге отырғызайық» акциясы алдағы уақытта да дәстүрлі түрде жалғасын табады.

    Соңғы жаңалықтар

    Жасанды интеллект – білім беру жүйесін дамытудың стратегиялық мемлекеттік басымдығы
    12.05.2026
    Стратегиялық серпіліс: Жасанды интеллект – сапалы білімге тең қолжетімділіктің жаңа мүмкіндігі
    12.05.2026
    В Мангистау нашли следы древнего города, связанного с Римом и Китаем
    12.05.2026
    Қорғаныс министрлігі Халықаралық дзюдо федерациясымен меморандумға қол қойды
    12.05.2026
    «Экософия» кітабының таныстырылымы өтті
    12.05.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>