Перейти к содержимому

Аналар ардақталды

Ұйғыр ауданының әкімі Бота Елеусізова көпбалалы аналарды қабылдап, «Алтын алқа», «Күміс алқа» белгілерін табыстады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026 жылғы 7 сәуірдегі №1223 Жарлығы бойынша ауданда 6 және 7 баланы дүниеге әкелген аналар «Алтын алқа», «Күміс алқалармен» наградталған болатын. Аудан басшысы Бота Серікқызы аналарға еліміздің демографиясын арттыруға үлес қосып, бала тәрбиесін, ұрпақ болашағын алдыңғы қатарға қойып отырғандары үшін алғысын білдірді. «Әр бала – еліміздің болашағы. Сол бүлдіршіндер ертеңгі күні мемлекетіміздің өркендеуіне үлес қосатын білікті азаматтар болады. Оларға бүгін берілген тәрбие мен білім – болашақтарына бағдаршам. Сондықтан саналы ұрпақ тәрбиелеп отырған сіздерге алғыстан басқа айтарым жоқ», – деген Бота Серікқызы көпбалалы аналар Гүлмира Ачилова, Арайлым Игметова, Әсем Молдахұнова, Селимям Розахунова, Жадыра Әлдібекова, Мақпал Ибрайымова, Аягөз Қапсаламова, Альбина Рахаеваларға «Алтын алқа, «Күміс алқаларын» табыстап, бұл марапаттар ана мен баланы қолдаудың, отбасылық құндылықтарды дәріптеудің нышаны болып табылатынын да айтып өтті.
Аналар тәуелсіз мемлекетіміздің отбасы құндылығына, ана мен бала мәселесіне ұдайы көңіл бөліп отырғанына ризашылықтарын білдірді. Еліміздің, оның қатарында ауданымыздың да дамып жатқанын тілге тиек етіп, түйткілді мәселелердің дер кезінде шешімін тауып жатқанына қуанышты екендерін жеткізді. Аудан басшысына осындай сый-құрмет көрсеткені үшін алғыстарын айтып, ақжарма тілектерін ақтарды.

Анар ДҮЙСЕНБАЙҚЫЗЫ

Ұйғыр ауданы