☀️
23°C
Қонаев
Сәрсенбі, Мамыр 20, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    Баку түркология құрылтайының 100 жылдығы аясында халықаралық іс-шаралар ұйымдастырылады

    20.05.2026
    in Барлық жаңалықтар, Білім-ғылым
    Баку түркология құрылтайының 100 жылдығы аясында халықаралық іс-шаралар ұйымдастырылады
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    2026 жылғы 22 мамырда Алматы қаласында Бірінші Баку түркология құрылтайының 100 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-мәдени іс-шаралар өтеді. Ұйымдастырушы – Түркі мәдениеті және мұрасы қоры.

    Түркі мәдениеті және мұрасы қоры – соңғы жылдары түркі халықтарының ортақ тарихи мұрасын халықаралық деңгейде жүйелі түрде насихаттап, түркі интеграциясын мәдени бағытта күшейтуге үлкен үлес қосып жүрген жетекші ұйымдардың бірі.

    Баку түркология құрылтайының 100 жылдығы аясында ҚР Ұлттық орталық музейінде «1926/2026: Бірінші Баку түркология құрылтайының 100 жылдығы» атты халықаралық көрме өтеді. Экспозицияда бұрын көпшілікке ұсынылмаған сирек архив құжаттары, фотосуреттер мен тарихи материалдар таныстырылады.

    Сондай-ақ ҚР Ұлттық кітапханасында әзербайжандық ғалымдардың «Бірінші түркологиялық құрылтай» атты ғылыми еңбегі мен тарихи бейнедеректер шежіресінің тұсаукесері өтеді.

    Түркі мәдениеті және мұрасы қоры ұйымдастырып отырған іс-шараның басты мақсаты – түркі халықтарының ортақ тарихи жадын жаңғырту, өзара ғылыми байланысты нығайту және ХХ ғасыр басындағы түркология мұрасын жаңа буынға таныстыру.

    Түркі халықтарының ғылыми жадына арналған тарихи дата – «1926 жылғы Баку түркология құрылтайы» түркі әлемінің ғылымы, әліпбиі, тілі мен мәдениетін дамытудағы ең ірі тарихи оқиғалардың бірі болды. Құрылтай жұмысына Ахмет Байтұрсынов, Нәзір Төреқұлов, Елдес Омаров секілді қазақ зиялылары қатысып, қазақ тіл білімінің дамуына негіз қалаған.

    100 жылдан кейінгі кездесуде Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркия, Өзбекстан, Түрікменстан, АҚШ, Оңтүстік Корея және Солтүстік Кипрден келген белгілі ғалымдар баяндама жасап, Түркі мемлекеттері ұйымы, TÜRKSOY, Халықаралық Түркі академиясы,  Түрік тілі қоғамдастығы сынды халықаралық ұйымдардың жетекшілері қатысады.

    Іс-шаралар ҚР Ұлттық орталық музейі және ҚР Ұлттық кітапханасында өтеді.

    Өтетін күні: 22 мамыр 2026 жыл.

    Байланыс ақпараты:
    +7 705 802 20 58
    Серік Нұрмолда, Түркі мәдениеті және мұрасы қоры өкілі

    +7 700 573 30 11 Құралай Мұртақызы, PR-менеджер

    Соңғы жаңалықтар

    ЗАМАНАУИ КІТАПХАНАНЫҢ МАҢЫЗДЫ САЛАСЫ
    20.05.2026
    ЖАНСАҚТАУ БӨЛІМІ ЖАҢА ТЫНЫС АЛДЫ
    20.05.2026
    Мобильді топ мамандары марапатталды
    20.05.2026
    Жағажайдағы инвестициялық жоба бойынша қоғамдық тыңдау өтті
    20.05.2026
    Баку түркология құрылтайының 100 жылдығы аясында халықаралық іс-шаралар ұйымдастырылады
    20.05.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>