⚠️ Ауа райы табылмады.
Сәрсенбі, Мамыр 20, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    ЗАМАНАУИ КІТАПХАНАНЫҢ МАҢЫЗДЫ САЛАСЫ

    20.05.2026
    in Барлық жаңалықтар, Білім-ғылым
    ЗАМАНАУИ КІТАПХАНАНЫҢ МАҢЫЗДЫ САЛАСЫ
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    Ғылым мен техниканың дамуы, цифрлық технологиялардың кең өріс алуы адамзаттың білімге деген сұранысы бұрынғыдан да күшейді. Осындай ақпараттық кеңістікте қажетті мәліметті сұрыптап, жүйелеп ұсынатын кітапхананың маңызды саласының  бірі – библиография. Ол – белгілі бір тақырыпқа қатысты кітаптар, ғылыми мақалалар, басылымдар мен өзге де ақпарат көздері туралы мәлімет беретін маңызды ақпараттық құрал. Сондай-ақ ғылым мен білімнің дамуына бағыт-бағдар беріп қана қоймай, рухани құндылықтарды сақтауға, мәдени мұраны келер ұрпаққа жеткізуге қызмет етеді. Басты мақсаты – оқырманға қажетті дереккөздерді дәл әрі жылдам табуға көмектесу. Әсіресе ғылыми зерттеу жұмыстарымен айналысатын ізденушілер үшін библиографияның маңызы ерекше. Себебі кез келген ғылыми еңбек терең ізденіс пен нақты деректерге сүйенеді.

    Бүгінгі таңда электронды кітапханалар мен цифрлық платформалардың дамуы библиография саласына жаңа серпін берді. Бұрын  қажетті әдебиетті ұзақ іздеуге уақыт кетсе, қазіргі таңда электронды каталогтар мен  базалардың көмегі арқылы ақпаратқа жылдам қол жеткізуге болады. Бұл – уақыт үнемдеумен қатар, білімге қолжетімділіктің артуына ықпал ететін маңызды жетістік. Сонымен қатар библиография қоғамның мәдени және рухани дамуына да зор үлес қосады. Әр халықтың тарихы мен әдебиеті, ғылымы мен өнері кітап беттерінде сақталады. Сол мұраларды жүйелеп, ұрпақ санасына жеткізу – библиографияның маңызды міндеттерінің бірі. Қазақ халқының әдеби және тарихи еңбектерін жинақтап, ғылыми айналымға енгізу ұлттық құндылықтарды насихаттаудың тиімді жолы болып табылады.

    Қазіргі қоғамда жастардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыруда да библиографияның орны айрықша. Кітапханалардағы библиографиялық анықтамалар мен ұсыныстық көрсеткіштер оқырманға сапалы әдебиеттерді таңдауға бағыт береді. Бұл жас буынның ой-өрісін кеңейтіп, білімге деген құштарлығын арттырады. Әсіресе, білім беру мекемелерінде библиографиялық мәдениетті қалыптастыру – заман талабына сай бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеудің маңызды қадамы. Библиография – қазіргі қоғамның білім мен ғылымға негізделген дамуының маңызды тірегі. Ол ақпаратты реттеп, ғылыми ізденістердің нәтижелі болуына ықпал етеді. Сонымен бірге ұлттық рухани мұраны сақтап, мәдениеттің дамуына жол ашады. Библиографияны дамыту – елдің интеллектуалдық әлеуетін арттырып, болашақ ұрпақтың сапалы білім алуына негіз болатын маңызды бағыттардың бірі. Қоғам дамыған сайын библиографияның да маңызы арта түсетіні анық.

    Осындай маңызды жұмыстар Алматы облыстық орталық әмбебап кітапханасы тарапынан да жүйелі түрде атқарылып, оқырмандарға сапалы ақпараттық қызмет көрсетілуде.

                                                                                  Айман ТҰҢҒЫШБАЙҚЫЗЫ,

                                                     Алматы облыстық орталық әмбебап кітапханасының   библиографы

    Соңғы жаңалықтар

    Зейнетақы жинағын есептеудің жаңа әдістемесі
    20.05.2026
    Жаңа дәуірге – жарқын қадам
    20.05.2026
    Әлемге танымал бренд
    20.05.2026
    Әуе таксиі – Алатауда!
    20.05.2026
    ЗАМАНАУИ КІТАПХАНАНЫҢ МАҢЫЗДЫ САЛАСЫ
    20.05.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>