Перейти к содержимому
Главная страница » Аймақ дамуына тың серпін

Аймақ дамуына тың серпін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Алматы облысына арнайы іссапармен келіп, аймақтың әлеуметтік-экономикалық ахуалымен танысты. Алатау қаласының даму қарқынына байланысты өткен басқосуға мен де қатысып, кездесуден ерекше әсер алдым. Өйткені, Президент онда ел дамуындағы бірқатар маңызды факторларды атап өтіп, жаңа мүмкіндіктерге жол ашатын нақты міндеттерді белгілеп берді. Әсіресе, Алатау қаласын дамыту, онда жаңа өндіріс орындарын ашу, қалаға инвестиция тарту және жаңа заманауи инфрақұрылым қалыптастыру мәселеріне айрықша тоқталды. Сонымен қоса Alatau City жобасын жүзеге асырудың еліміз үшін стратегиялық маңызы зор екенін баса айтып, Алматы облысының даму деңгейіне оң бағасын берді әрі өңірде ауқымды жұмыстардың атқарылып жатқанын тілге тиек етті. Сондай-ақ аймақтың мұндай нәтиже көрсетуінде облыс әкімі Марат Сұлтанғазиевтің еңбегі өлшеусіз екенін әңгімеге арқау етті. Одан кейін Мемлекет басшысы облыс әкімімен бірге өндірістік және әлеуметтік нысандарды аралап, инвестиция тартуға көңіл бөлу қажеттігін қадап айтты.
Ел Президентінің бұл сапары облыстың даму қарқынын ілгерілетіп, алдағы атқарылар жұмыстарға серпін берері анық.
Нарымбет Әбдібаев, меценат-кәсіпкер