Перейти к содержимому
Главная страница » Алаяқтар жаңа деңгейге шықты: енді олар қазақ тілінде де сөйлейді

Алаяқтар жаңа деңгейге шықты: енді олар қазақ тілінде де сөйлейді

Алматы облысының полицейлері кезекті интернет-алаяқтықтың алдын алды. Бұл жолы Қарасай ауданының егде жастағы тұрғындары алаяқтардың құрбаны бола жаздады.

Зейнеткерлер алаяқтардың жиі қолданатын схемалары туралы хабардар болғанына қарамастан, қаскөйлер олардың сеніміне кіре алған. Себебі олар қазақ тілінде еркін сөйлеп, ешқандай акцентсіз түрлі ұйымдардың қызметкерлері ретінде хабарласқан.

Полиция қызметкерлері аталған фактіні дер кезінде тіркеп, қажетті шараларды қабылдады. Нәтижесінде азаматтардың қаржылық шығынға ұшырауына жол берілмеді.

Полиция қызметкерлері дайындаған бейнематериалда алаяқтардың адамдарды жаңылыстыру үшін қолданатын әдістері мен сылтаулары көрсетілген. Мұндай материалдар профилактикалық мақсатта жарияланып, азаматтарға қылмыскерлердің құрбаны болмаудың жолдарын түсіндіруге бағытталған.

Жыл басынан бері Алматы облысы Полиция департаментінің Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасы интернет-алаяқтықтың 30 дерегінің алдын алып, азаматтардың қаражатын сақтап қалуға мүмкіндік берді.

Интернет-алаяқтыққа қарсы іс-қимыл жұмыстары Алматы облысы Полиция департаментінің бастығы Мейрам Әбікеевтің тұрақты бақылауында және «Заң мен Тәртіп» қағидатын іске асыру аясында жүргізілуде.

Полиция азаматтарды қырағылық танытуға, бөгде адамдарға жеке деректерін, SMS-хабарламалардағы кодтарды, банк карталарының деректемелерін бермеуге және күмәнді қоңыраулар туралы құқық қорғау органдарына дереу хабарлауға шақырады.

https://www.instagram.com/reels/DZmMc8RMuOP