Алматы облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарманың тапсырысы бойынша үкіметтік емес ұйымдарға арналған қысқа мерзімді гранттар конкурсы басталды.
Қысқа мерзімді гранттар саны: 2
Біз төмендегі 2 бағыт бойынша жобаларды жүзеге асыруға дайын үкіметтік емес ұйымдарды іздейміз:
— Жастар арасында нашақорлықтың, лудоманияның, өз-өзіне қол жұмсаудың және құқық бұзушылықтардың алдын алу;
- Волонтерлік қозғалысты дамыту және волонтерлердің фронт-офисінің қызметін ұйымдастыру.
Өтінімдерді қабылдау мерзімі: 1 маусым мен 19 маусым аралығында сағат 18:30-ға дейін.
Өтініштерді қабылдау:
📧 Электрондық пошта: uvmp.almobl@cisc.kz
🏢 Қағаз түрінде: Астана қ., Қабанбай батыр даңғ., 11/5 ғимарат, 5-қабат, 504/1-кабинет, сағат 9:00–18:30 аралығында қабылданады.
✅ Конкурсқа ҮЕҰ деректер базасына тіркелген ұйымдар ғана қатыса алады.
💻 Толығырақ ақпарат пен жобаларға қойылатын талаптармен мына сайтта танысуға болады:
https://cisc.kz/
→ «Гранттар» → «Гранттар туралы хабарландырулар».
☎️ Байланыс:
+7 (702) 984 98 06
+7 (7172) 79 04 31
+7 (7172) 79 08 07
