Перейти к содержимому
Главная страница » Алматы облысының барлық аудандарында «Мобильді фронт-офис» жобасы аясында кәсіпкерлермен «ашық диалог» форматындағы кездесулер басталады

Алматы облысының барлық аудандарында «Мобильді фронт-офис» жобасы аясында кәсіпкерлермен «ашық диалог» форматындағы кездесулер басталады

Алматы облысында «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының бастамасымен жүзеге асырылатын «Мобильді фронт-офис» жобасы аясында шағын және орта бизнес субъектілерімен көшпелі кездесулер ұйымдастырылады. Кездесулер облыстың барлық аудандарында өткізіліп, кәсіпкерлерге мемлекеттік қаржылық және қаржылық емес қолдау шаралары бойынша жан-жақты түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.

Кездесу барысында кәсіпкерлер бизнесті дамытуға арналған мемлекеттік қолдау бағдарламалары, олардың шарттары, субсидия алу тәртібі және кәсіпкерлікті қолдаудың өзге де тетіктері туралы толық ақпарат ала алады. Сонымен қатар кәсіпкерлерге жеңілдетілген қаржыландыру, пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялау, кепілзат жеткіліксіз болған жағдайда несиеге кепілдік беру, микрокредиттеу, лизингтік қаржыландыру және басқа да мемлекеттік қолдау құралдары түсіндіріледі.

Кездесулерге тек жұмыс істеп жүрген кәсіпкерлер ғана емес, өз кәсібін ашуды жоспарлап жүрген азаматтар да қатысып, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап ала алады. Сондай-ақ қатысушыларға «Бәйтерек» холдингінің бірыңғай фронт-офисі ұсынатын қолдау құралдары туралы да ақпарат беріледі.

Жалпы, «Мобильді фронт-офис» жобасы кәсіпкерлердің орналасқан жеріне қарамастан мемлекеттік бағдарламаларға қолжетімділігін арттыруға бағытталған. Мұндай формат облыс орталығына бармай-ақ кәсіби мамандардан кеңес алуға мүмкіндік беріп, ауылдық округтер мен аудан кәсіпкерлері үшін қолайлы жағдай жасайды.

Кездесулерге Алматы облысы бойынша «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының мамандары, екінші деңгейлі банктердің өкілдері, Алматы облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы және басқа да мемлекеттік органдар мен қолдау институттарының өкілдері қатысады.

Аталған бастама Мемлекет басшысының шағын және орта бизнесті қолдау шараларымен қамтуды кеңейту жөніндегі тапсырмасы аясында іске асырылуда.

Жобаны іске асыру мемлекеттік қолдау шараларының қолжетімділігін арттыруға, ақпараттық ашықтықты қамтамасыз етуге және өңірдегі кәсіпкерліктің тұрақты дамуына серпін береді.

Алматы облысы «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қорының Мобильді фронт-офис жобасы аясындағы көшпелі кездесулерді өткізу кестесі

АуданӨткізу күніӨткізілетін орны
 Райымбек ауданы05.06.2026 ж. 10:00Райымбек ауданы, Ұзақ батыр ауылы
 Ұйғыр ауданы12.06.2026 ж. 10:00Ұйғыр ауданы әкімдігі, Раджибаева көш. 73
 Кеген ауданы12.06.2026 ж. 15:00Кеген ауданы әкімдігі, Момышұлы көш. 9
 Балқаш ауданы16.06.2026 ж.  Балқаш ауданы әкімдігі, Қонаев көш. 66
 Қонаев қаласы17.06.2026 ж. 11:00Қонаев қаласының мәдениет үйі, Жамбыл көш. 13
 Талғар ауданы23.06.2026 ж. 11:00Талғар ауданы әкімдігі,  Қонаев көш. 65, үлкен зал
 Еңбекшіқазақ ауданы23.06.2026 ж. 15:00Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігі, Жамбыл көш. 21
 Жамбыл ауданы24.06.2026 ж. 11:00Жамбыл ауданы әкімдігі, Абай көш. 56, кіші зал
 Қарасай ауданы24.06.2026 ж. 15:00Қаскелең қаласы әкімдігі, Абылай хан көш. 213
 Іле ауданы25.06.2026 ж. 11:00Іле ауданы әкімдігі, Өтеген батыр ауылы, Батталханова көш. 8