Перейти к содержимому
Главная страница » Балдырғандар қуанышын еселеді

Балдырғандар қуанышын еселеді

1 маусым – Халықаралық Балаларды қорғау күні. Бұл күн тек мереке ғана емес, әр баланың бақытты балалық шаққа құқылы екенін еске салатын күн. Алатау қаласындағы Еңбек ықшам ауданындағы №7 орта мектеп ұжымы мен оқушылары бұл күнді ерекше атап өтті.
Айтулы мерекелік шараға қала әкімінің орынбасары Гүлбану Сейткерімқызы, қалалық мәслихаттың төрайымы Роза Михайлқызы мен Мәдениет үйінің директоры Бибігүл Кенжебекқызы сынды қонақтар арнайы келді. Ең әуелі мектеп директоры Арман Арғынбаев сөз сөйлеп: «Бала – ұлттың ертеңі. Біздің міндетіміз – оларға тек білім ғана емес, мейірім мен қамқорлық сыйлау. Біздің оқу ордамыз әр оқушының талантын ашуға, қауіпсіз орта қалыптастыруға барын салады», – деді.
Балдырғандарды шатыққа шомдырған шарада 1-4 сынып оқушылары дайындаған әндер, билер мен тақпақтар көрермен көңілін көтерді. Әсіресе «Жұлдызшалар» би тобы мен «Достық» әнін орындаған бастауыш сынып оқушыларының өнері ата-аналар мен мұғалімдердің ыстық ықыласына бөленді. Іс-шара соңында мектептің бастауыш сынып мұғалімдері оқушыларға тәтті сыйлықтар мен «Жазғы оқу» кітаптарын табыстады. Аулада асфальтқа сурет салу, көңілді эстафета, көпіршіктер ұшыру ойындары балалардың қуанышын еселеді.


Ақниет Өмірзақ,
№7 орта мектеп мұғалімі
Алатау қаласы